Accessibility links

Министр Гүлшара Әбдіхалықованың онлайн-конференциясы


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Азаттық радиосы веб-сайты оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп отыр. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Азаттық радиосы веб-сайты оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп отыр. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл.

Қаңтардың 27-і Азаттық радиосы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың онлайн-конференциясын өткізді. Министр сайт оқырмандарының қойған сұрақтарына өзі жауап берді.


«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 30 пайызға ұлғайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебі бойынша, 2011 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері – 24 047 теңге, орташа мөлшері – 35 950 теңге және ең жоғарғы мөлшері 52 226 теңге болды.

Қазақстанда 1 миллион 600 мың зейнеткер бар. Шамамен, оның 500 мыңы – ең төменгі мөлшердегі зейнетақы, 90 мыңы – ең жоғарғы зейнетақы алады.

Үкіметтің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қорғаудың Мемлекеттік қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін көтеру туралы» қаулысына сәйкес, еңбек қабілетін жоғалтқан және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері автоматты түрде 7 пайызға ұлғаюы керек.

Біздің оқырмандарымызға уақыт бөліп, олардың сауалдарына сайтымыз арқылы жеке өзі жауап бергені үшін Азаттық радиосының редакциясы министр Гүлшара Әбдіхалықова ханымға ризашылық білдіреді.
XS
SM
MD
LG