Accessibility links

Әншінің онлайн-конференциясы


Опера әншiсi Майра Мұхамедқызы. Алматы, 16 мамыр 2012 жыл.
Опера әншiсi Майра Мұхамедқызы. Алматы, 16 мамыр 2012 жыл.

Азаттық радиосы мамырдың 16-сы күні белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызымен онлайн-конференция өткізді.


Майра Мұхамедқызы - Қазақстанның танымал опера әншісі, Абай атындағы опера және балет театрының солисі.

Ол Францияның опера театрында, Вашингтонның (АҚШ) ұлттық опера театрында, Қытай, Гонконг, Корея, Ресей, Англия, Венгрия, Словакияда ән салған.

Майра Мұхамедқызының концерттік репертуарында Перголези, Гайдн, Моцарт, Бетховен, Мендельсон, Форе, Вилла-Лобостың шығармалары, қазақ пен қытай халқының әндері бар.

Майра Мұхамедқызы Қытайда туып өскен. 1994 жылы Қазақстанға оралды. Ол Қытай халықтарының орталық университетінің музыка факультеті мен Пекин консерваториясын бітірген. Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда тәжірибеден өтті.

Майра Мұхамедқызы (Еуропаға Maira Kerey деген атпен танылған) алғаш рет шетел сахнасына Opéra National de Paris (Франция) опера театрында Пуччинидің «Богемасындағы» Мюзетта партиясын айтты. Бұдан соң Еуропадағы белгілі Opéra National de Lorraine, Opéra de Rennes, Théâtre de Caen және Opéra National театрларында ән шырқады.

2005 жылы Майра Мұхамедқызы «Орлеан аруы» операсында Агнес Сорель рөлімен Америка сахналарына шықты.

Майра Мұхамедқызының онлайн-конференциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00
XS
SM
MD
LG