Accessibility links

Тұтқындалған Козловтың қайда екені әлі белгісіз


Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов баспасөз мәслихатын беріп отыр. Алматы, 2 қыркүйек 2010 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов баспасөз мәслихатын беріп отыр. Алматы, 2 қыркүйек 2010 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Алматыдағы тергеу абақтысында отырған тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың қазір қайда екенін айтпай отыр.


Бұл туралы Азаттық радиосына Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова хабарлады. Ол Козловтың қайда екенін білу мақсатында журналистерден көмек сұраған еді.

- Ол «мені Жаңаөзенге апарғалы жатыр» деді. Оған бұл ақпаратты тергеушінің өзі айтқан. Операция мәселесінің шеті шыққанымен, ол үкімді жариялағаннан кейін жасалуы мүмкін. Мен ақпанның 9-ы жылы киімдер апарып
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова ҰҚК абақтысының алдында тұр. Алматы, 26 қаңтар 2012 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова ҰҚК абақтысының алдында тұр. Алматы, 26 қаңтар 2012 жыл.
бердім. Сол күннен бері күйеуім туралы ақпарат жоқ. Тергеуші Назым Шайкеннің телефондары өткен жұмадан бері өшірулі тұр. ҰҚК тергеу абақтысында күйеуімнің қайда екенін айтпайды. Менің ойымша, оны жасырын түрде Жаңаөзенге алып кетті. Жол бойы оған қысым жасайды. Ол туралы ақпараттарды жасырудың мен басқа себептерін көріп тұрған жоқпын. Мен тамақ пен зат беруге ақпанның 13-і өтініш бергем. Ол арызым қабылданбады. Менің ойымша күйеуім ол жерде жоқ, - дейді Әлия Тұрысбекова.

Козловтың адвокаты Алексей Плуговқа хабарласқанымызда телефоны өшіп тұрды.

Тұрысбекова Плуговтың тергеу мәліметтерін жарияламау туралы қолхат жазғанын, оның ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтты.

Азаттық тілшісі тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Козловтың қайда екені туралы ақпарат алу үшін ҰҚК-нің Алматыдағы тергеу абақтысына хабарласты. Абақты кезекшісі "ондай ақпарат беруге өзінің өкілеттігі жоқ" екенін айтып, ҰҚК-нің Астана қаласындағы баспасөз қызметіне сілтеді.

ҰҚК-нің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Олжас Ерен:

- Біз сіздерге жауап бере алмаймыз, барлық мәлімет бас прокуратурада. Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласыңыз, барлық мәліметтерді береді, -
Қазақстан ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев. Алматы, 16 маусым 2010 жыл.
Қазақстан ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев. Алматы, 16 маусым 2010 жыл.
деп бас прокуратураға сілтеді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілі Ернұр Уәли:

- Толық мәлімет алу үшін бас прокурордың атына жазбаша хат жіберуіңіз керек. Бар ақпаратым - осы, - деп бас прокурорға сілтеді.

Азаттықтың Жаңаөзендегі тілшісі ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің Жаңаөзен қаласында жүрген қызметкері полковник Нұрлан Балдайыровтан да "Козловты Жаңаөзенге әкелді ме?" деп сұрады. Ол да "ҰҚК-нің баспасөз қызметіне хабарласыңыздар" деп жауап берді.

Азаттық радиосы Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың қазір қайда екенін білу үшін жазбаша хат жіберді. Бас прокурордан қандай да бір мәлімет келген бетте Азаттық оқырмандары одан хабардар болады.

Бұған дейін Азаттық радиосы оқырмандарды Владимир Козловқа операция жасалуы қажет екенін және оны Алматы абақтысынан Жаңаөзен абақтысына ауыстыруы мүмкін екенінен хабардар еткен.

"Ақпанның 9-ы жылы киім апарып бердім. Сол күннен бері күйеуім туралы ақпарат жоқ"
Козловты 2012 жылы қаңтардың 23-інде ҰҚК қызметкерлері тұтқындаған еді. Оған қазір Жаңаөзен оқиғасына қатысты "әлеуметтік араздық қоздырды" деген айып тағылып отыр.

2011 жылы 16 желтоқсанда мұнайшылар мен полиция арасында қақтығыс болып, полицияның оғынан Жаңаөзенде 16 адам, Шетпеде бір адам қаза тапты.

(Мақала Азаттықтың Жаңаөзенде жүрген тілшісі Казис Тоғызбаевтың қатысуымен дайындалды)
XS
SM
MD
LG