«Оралмандарды қолдау, қорғау мақсатында құрылған қоғамдық қорлар, бірлестіктер мен орталықтар саны елуден асып кетті. Бірақ олардың қаншалықты жұмыс жасап отырғанын бақылайтын ешкім жоқ» дейді Азаттыққа пікір білдіргендер.
Шілденің 19-ы күні Алматыда оралмандарды бейімдеу ісімен айналысатын тағы орталық құрылғаны мәлім болды.
Орталықтың құрылтайшылары әділет министрлігінің тіркеуінен өткендерін жұртқа хабарлау үшін баспасөз маслихатын өткізді. Олардың айтуларынша, орталық жанынан әр түрлі үйірмелер ашылмақ, оралмандарға түрлі қызметтер көрсетпек.
«МҰНДАЙ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕ АЛМАЙМЫН»
Әділет министрлігіне қарасты тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің баспасөз өкілі оралмандарды қолдау мақсатында құрылып, тіркеуден өткен ұйымдардың есебі қанша екенін айтып бере алмады.
– Біз көп нәрсемен айналысамыз. Сондықтан мұндай сұрақтарға жауап бере алмаймын. Мен білмеймін, - деді өзінің аты-жөнін айтудан бас тартқан комитет өкілі.
Оралмандарды қолдаймыз дейтін «Жебеу», «Атажұрт мейірімі», «Нұр-қоныс», «Атақоныс», «Асар», «Атамекен», «Томирис», «Шарапат», «Отандастар», «Отандас ел», «Оралмандар», «Ел аманаты» сияқты қорлары мен орталықтары бар екен.
Осы ұйымдардың қағаз бетіндегі көрсетілген басты мақсаты – шетелден келген қазақтарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, жаңа ортаға бейімделуге көмек көрсету.
ЕКІ БІРДЕЙ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ»
Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, арнайы лицензия алған қорлардың бірі – «Ата жұрт мейірімі» қайырымдылық қоры. Ол ұйымның жетекшісі - Өзбекстаннан келген Артықбай Үкібаев есімді ақсақал. Бірақ Үкібаев - «Оралмандар одағы» атты тағы бір ұйымның құрушысы.
Бір басында екі ұйымы бар Артықбай Үкібаев «Облыс-облыста, жер-жерлерде мұндай ұйымдардың мол екенін, бірақ шын мәнінде жұмыс істеп отырғаны үш-төрт қана ұйым» екенін айтты. Оның айтуынша, сол «шын мәнінде жұмыс істеп отырған үш-төрт ұйымның» екеуі – өзінікі.
– Бізде мемлекет бір жақта да, азаматтық қоғам бір жақта. Біздер азаматтық қоғамның мүшесіміз ғой. Қоғамдық ұйым – қаржылық ұйым емес, нақты қолдау көрсете алатын. Бұлар тек оралмандардың мәселесін жергілікті биліктің, бюрократиялық чиновниктердің оң шешуіне ықпал ете алады. Біз оралмандар мәселесі құр сөздің астында қалып кетпесін дейміз, - деді Артықбай Үкібаев.
Артықбай Үкібаев «Оралмандар одағы» көшіп келген ағайындардың құқығын қорғау мәселесіне араласатындарын» айтты. «Оралмандар құқығының бұзылуына қатысты қанша іске араластыңыздар?» деген сұраққа қос ұйымның жетекшісі:
- Астанада, Шымкентте және басқа да жерлерде құқығын қорғай алмай жүрген, құрылыста айлығын ала алмай жүрген оралмандардың мәселесін көтеріп, солардың құқығын қорғаған жағдайымыз бар, - деп жалпылама жауап берді.
«ҚҰЗЫРЫ ЖОҚ ҰЙЫМ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?»
Монғолиядан келген оралман Бақытбек Бәмішұлы «Оралмандар одағының» бар екенінен хабарсыз. Қоғамдық қорлар мен бірлестіктердің үкіметтік емес ұйым екенін айтқан азамат:
- Олардың қолында ешқандай өкілеттілік жоқ. Олар қалай қорғап, қандай көмек көрсете алады? - дейді.
Өзін Серік деп таныстырған оралман мұндай ұйымдардың барлығы болмаса да ішінде кейбіреулерінің шетелден келген қазақтарға пайдасы тиетінін айтты.
– Алматыда мұндай ұйымдар біреу емес, бірнешеу екен. Мен Өзбекстаннан келгеннен кейін тұрақты тіркеу ала алмай, көмек сұрап біразына кіріп шыққам. Ұмытпасам бесеу болды, - деді ол.
Серік «тек «Нұр-қоныс» ұйымы нақты көмек жасағанын, қоғамдық қордың атқарушы директоры Зибира Аллабергенованың көп кеңес бергенін айтты.
– Зибира апай менің басыма баспана, өзіме қызмет тауып берген жоқ. Бірақ Алматы қалалық көші-қон полициясына тікелей қоңырау шалып, ондағы адамдарға мені қабылдауды өтінді. Заңгер тауып берді. Барлық құжаттарымның копиясын тегін жасатып, нені қайдан алу керегін, кіммен қалай сөйлесу керегін жалықпай түсіндіріп отырды, - деді ол.
Ал Қырғызстаннан келген Ұлан есімді азамат өзінің «ешқандай да қорға немесе орталыққа жүгінбегенін, жүгінгенмен, қолдарынан ештеңе келмейтінін» айтты.
«ҚОРЛАРДЫ ТЕКСЕРЕТІН ЕШКІМ ЖОҚ»
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі Ботагөз Уатқан «Негізгі қызметіміз - сырттағы қазақтармен рухани байланыс орнату. Бірақ елге келген қандастар көмек сұрай келсе, кеудесінен итермейміз» дейді.
- Маған күніне бір бала келеді десем өтірік айтқаным емес. Ал соларға оралмандарды қолдау мақсатында құрылған ұйымдардың ешқайсысы көмек көрсетіп отырған жоқ. Шын мәнінде мұндай ұйымдар оралмандар үшін емес, соған бөлінетін қаржыны қымқырып қалу үшін құрылады, - деген пікір айтты қауымдастық өкілі.
«Ерке-нұр-шарапат» қоғамдық қорының жетекшісі Фарида Мерхамитқызының айтуынша, «үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін қаржы көлемі - қомақты».
– Мендегі тізім бойынша, оралмандарға түрлі көмек көрсету мақсатында құрылған қорлар мен бірлестіктердің ұзын саны елуден асып кетті. Ол ұйымдардың кейбіреуі тіпті үкіметтің көмегімен ашылған. Кейбірін оралман ағайындардың өзі құрған. Бірақ бәрі бірдей жанталасып жұмыс істеп жатыр деп айту - тағы қиын. Тіпті тиісті қаржыны көздеген мақсатта жұмсамағаны үшін істі болып жатқан қорлар да бар. Оның үстіне жергілікті жерлерде өтетін тендерлерге ең аз дегенде 2 миллион теңге бөлінеді, - деді Фарида Мерхамитқызы.
Азаттыққа мемлекеттік сатып алулармен айналысатын «ҚазБизнес-Консалтинг» компаниясының өкілі, өзін Жанар деп таныстырған қыз «Тендер - жабық тақырып» екенін айтты. Оралмандарды қолдайтын ұйымдардың қаншасы мемлекеттік тапсырыспен қанша қаржы алғанын айтудан бас тартты.
«ҚАРЖЫНЫ ҚАЛТАМНАН ШЫҒАРАМЫН»
Оралман әйелдердің «Нұр-қоныс» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Зибира Аллабергенова «қордан бір тиын пайда көрмейтінін, керісінше, зардап шегіп отырғанын» айтты.
- Қытайдан, Өзбекстаннан келген ағайындардың көбі азаматтық алу үшін қандай құжаттардың керек екенін білмей сарсылады. Алдыма келген әр адамға қажет құжаттардың тізімін ұстатып, тіпті кейбірі үшін тиісті мекемеге қоңырау шалып, бастықтарының қабылдауына ертіп кіремін. Соңғы бір жылда азаматтық алу түгілі, тұрақты тіркеуге тұрудың өзі өте қиын. Анау көші-қон полициясында отырғандар оралмандарға дұрыс жауап бермек түгілі, сөйлесуге ерінеді. Тұрақты тіркеуге тұра алмай жүргеніне жылдан асқан азаматтар бар. Үйінде бала-шағасы бар. Тіркеуі болмаған соң, еш жер жұмысқа алмайды. Ақшадан қиналып, «апай» деп, келіп тұрады. Үкіметтің маған беріп жатқан ешқандай ақшасы жоқ. Бірақ өз қалтамнан соларға көмектесемін, - деді Зибира Аллабергенова.

Соңғы бір жылда азаматтық алу түгілі, тұрақты тіркеуге тұрудың өзі өте қиын. Анау көші-қон полициясында отырғандар оралмандарға дұрыс жауап бермек түгілі, сөйлесуге ерінеді.