Accessibility links

Әзербайжандағы халықаралық банк (ӘХБ) банкрот болуға жақын. Қазақстандықтардың зейнетақы ақшасы сонда салынғандықтан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) сынаушылар көп. Парламент те, әлеуметтік желілер де тергеу жүргізу қажеттігін айтады.

Әзербайжанның халықаралық банкі (ӘХБ) 3,3 миллиард доллар қарызын қайта құрылымдау үшін банкрот болғаны жайлы сотқа өтініш берді. Қазақстан тұрғындары осы аптада бұл жағдайды қызу талқылап жатыр. Себебі ол ақшаның арасында Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЭҚ) салған 71,3 миллард теңге бар. Салыстырмалы түрде алғанда ол БЖЗҚ үшін шағын сома – 225 миллион доллар, жалпы капиталдың бір пайызынан сәл көбірек.

Әлемдік нарықтарда баға белгілеумен дәлелденген пікір бойынша, банктің қарызы бағасын сақтайды, ештеңе жоғалмайды.
Ұлттық банк кеңесшісі Айдархан Құсайынов.

Қоғамдық пікір бірауыздан «ол ақшаны ұмыта берсек болады» дегенге саяды. Бірақ банкке салынған қаржыны қайтаруға болады деп мәлімдегендер де бар. Мысалы, ұлттық банк кеңесшісі Айдархан Құсайынов Informburo.kz сайтында жарияланған пікірінде «әлемдік нарықтарда баға белгілеумен дәлелденген пікір бойынша банктің қарызы бағасын сақтайды, ештеңе жоғалмайды» деп жазды, яғни, уайымдайтындай ештеңе болған жоқ, ақшаны толық көлемде қайтарып алуға болады, бірақ оны банк емес, Әзербайжан билігі жасауға тиіс және уақыты да өзгереді. Бұл ақшаны салған кезде банктің рейтингі жақсы болыпты, жақында ғана жағдайы нашарлаған екен.

Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметова бұған келіспейді. Мамырдың 16-сы күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ол банктің ӘХБ активтерін иеленгенін, бірақ «жағдайдың нашарлай бастағанын» байқаған соң 2014 жылы барлық келісімнің күшін жойғанын айтты.

Тәуекел менеджменті саясатына сәйкес, салған соманың 15 пайызынан артығын ала алмаймыз.
Халық банкі басшысы Үміт Шаяхметова.

«Тәуекел менеджменті саясатына сәйкес барлық салған соманың 15 пайызынан артық көлемді ала алмаймыз. Мендегі деректер бойынша, БЖЗҚ-да осы шығарылымның барлық эмиссиясынан 50 пайыздан артық. Банкир және активтерді басқарушы ретінде ондай көлемді қалай сатып алғандарын түсінбедім» деген Үміт Шаяхметованың сөзін lsm.kz сайты келтіреді.

Ақшаны қайтарып алу мүмкін болса да, болмаса да БЖЗҚ-ға қойылар сұрақтар көп, инвестицияға қатысты қолайсыз жағдай бірінші рет туындап отырған жоқ. Негізгі сауалдар: Зейнетақы қорының инвестициясына кім жауап береді, ӘХБ оқиғасына қатысты кімді айыптау керек; бұндай жағдайлар болашақта қазақстандықтардың зейнетақы жинағында мәселе тудырмай ма?

ДАУ ТОЛАСТАР ЕМЕС

ӘХБ қатысты оқиға – БЖЗҚ тарихындағы жалғыз жағымсыз жаңалық емес. БЖЗҚ мемлекеттік ұлттық зейнетақы қоры негізінде 2013 жылы құрылды, оған елдегі барлық қорлар бірікті. Құрыла салысымен жаңа құрылым 95 миллиард теңгеден айырылды, себебі өз қоржынына 30 дефолттық компанияның активтерін салды.

Тengrinews агенттігінің жазуынша, ол кезде БЖЗҚ қызметкерлері өздерінің бұл іске еш қатысы жоқтығын, қайта бағалауды ұлттық банк жасағандықтан, сұрақты соларға қою керектігін айтқан.

2016 жылдың қазанында БЖЗҚ «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларына 5 миллиард теңге салды, қордың ішкі департаменті келісімге теріс сараптама бергеніне де қарамады. Облигациялармен бірге БЖЗҚ «Бузгул Аурумның» несие тәуекелдерін де өзіне алды. Инвестициялық комитет жетекшісі Руслан Ерденаев тұжырымға келіспей келісімге отырды, бұдан соң оған тәуекел қатері орнына ҰҚҚ қызметкерлері келді. Олар Ерденаев «өзіне сеніп тапсырылған бөгде затты иелену немесе жұмсап қою» бабы бойынша қылмыс жасады деп күдіктенеді.

Руслан Ерденаев БЖЗҚ басқарма төрағасы кезінде.
Руслан Ерденаев БЖЗҚ басқарма төрағасы кезінде.

2017 жылдың ақпанында үкімет БЖЗҚ қаражатынан 50 миллиард теңге алып, оны теміржол машинасын жасауға қолданғалы жатқаны белгілі болды. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жетекшілігімен құрылған қоғамдық кеңес оған қарсы шықты. Кеңес БЖЗҚ және ұлттық банкке сұрау салып, түсініктеме беруді талап етті, мекеме сөзінен тайқып, шешім «нақты емес» екенін, БЖЗҚ ақша бөлуі – бір нұсқа ғана екенін айтты.

– Зейнетақы қоры жетекшілерінің ең басты міндеті – шығынды азайтып, пайданы көбейту үшін қаржы салудың осындай жолдарын ұсыну. Сәтсіздікке ұшырағаны үшін БЖЗҚ қатаң сөкпес едім, инвестиция әркез ұтыс ойыны сияқты, – деді Азаттыққа экономист Мағбат Спанов.

Оның пікірінше, ұлттық қор басқармасы жөніндегі кеңестен қатаң талап ету керек.

Ал Досым Сәтпаев «БЖЗҚ және ұлттық банктен келісімдер бойынша жауап талап етеді, олар әдеттегідей әдемі диаграмма құрып, жалтарма жауап береді» деп біледі.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 23 қыркүйек 2015 жыл.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 23 қыркүйек 2015 жыл.

– Бұл БЖЗҚ-ға сенімді күшейтпейді, зейнетақы жүйесінің ары қарай қалай дамитынын ешкім бізге түсіндіре алмай жатыр – салымшылар болар іс болғаннан кейін туындаған мәселені білмесе дейді, – дейді ол.

ПАРЛАМЕНТТІҢ САУАЛЫ

Әзербайжан халық банкіндегі БЖЗҚ ақшасына келсек, олардың бір бөлігі қайтарылуы мүмкін. Қазақстандық БАҚ әзербайжандық адвокат және банк сарапшысы Акрам Гасановтың сөзіне сілтеме жасай отырып, Әзербайжан Қазақстанға ақшаны Мұнай қоры есебінен қайтаруы мүмкін екенін айтады. Бірақ қаржыны толық қайтарады деп дәмеленбеу керек, Гасановтың айтуынша «несиелердің басым бөлігін халықаралық банк сәйкес қамтамасыз етусіз және бір күндік компанияларға кепілдік ретінде берген».

БЖЗҚ зейнетақы активтерін ұлттық банк президент жанындағы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірге басқарады. БЖЗҚ және Қазақстанның ұлттық банкі әзербайжанның банкіне қатысты мәселе туралы пікір білдірмеді. Азаттық олардан даулы мәселеге қатысты пікір ала алмады. Екі мекеменің сайттарында көрсетілген телефон қоңырауымызды ешкім алмады, электронды хаттарымыз да жауапсыз қалды.

Бакудегі банктің банкрот болуы туралы жағдайды бүгін Қазақстан парламенті де талқылады. Қазақстанның депутаттар тобы Әзербайжанның мәселелі банкіне БЖЗҚ активтерін салуға қатысты сауал жолдады.

Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Айқын Қоңыров және Тұрғын Сыздықов Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына, ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың атына сауал жіберді. Депутаттар «ӘХБ-ге салынған ақша сақтандырылған ба?» деп сұрайды.

Оппозициялық саясаткер, экономист Петр Своик те осыған алаңдайды.

– Қазақстандықтардың ақшасы неліктен күмәнді әзербайжандық банктердің пайдасына жұмсалды? Мәселе әзербайжан немесе армян банкіне салуда емес, инвестиция жасаудың тұтас консепциясын қайта қарау керек. Ол өте қарапайым: шетелге ештеңе салмау керек; Қазақстанның құнды қағаздарына экономикалық дамуға бағытталған болса ғана салу керек; қалғаны – экономика мен инфрақұрылымды дамытуға жұмсалуға тиіс, ол жерден мемлекет олардың тиімді пайдалануын тікелей бақылап отыруы керек, – дейді ол.

Экономист Петр Своик.
Экономист Петр Своик.

«Ақшаны осылай дұрыс жұмсаған кезде инфляцияның орнын толтырып, жыл сайынғы түсімді «екі емес, бес пайызға дейін көтеруге болады» дейді Своик.

Ол жерде қиындық болмайды деп кім кепілдік береді? Досым Сәтпаев БЖЗҚ барлық инвестициялық қоржынына және оған қатысты барлық шешімге толық аудит жасау керек дейді, тексеріс кезінде зейнетақы қорының кез келген қаржысын қолдануға тыйым салу қажет деді.

Экономист Мағбат Спанов бұдан да үлкен саяси реформа қажет деді: үкіметтің өкілеттігін кеңейту оның зейнетақы ақшасын бақылауын күшейтеді, бірақ бәрі бұрынғыдай «бір адамға есеп беретіндіктен» инвестиция бойынша ешкім жауапты емес.

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова парламент сыртында Азаттыққа әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға түзету енгізу жобасы қаралғанын, мемлекеттің зейнетақы төлемін алушы құқығын сақтап, инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы салымдары көлемінде БЖЗҚ-да салымды сақтауға кепіл болатынын айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG