Accessibility links

Алматыда орыстілді ақындардың поэзия кеші өтті


Ақын Дүйсенбек Нақыпов. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.
Ақын Дүйсенбек Нақыпов. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.
Шілденің 14-і мен 15-інде Алматы барларының бірінде орыстілді ақындардың «СӨЗЫВ» атты әдеби февстивалі өтті. Екі күнге созылған әдеби кешті Азаттық тілшісі де көріп қайтқан еді.

Алматының кеші. Бір топ адам қала ортасындағы барлардың біріне жиналып жатыр. Алайда әдеттегі фестивальдер сияқты емес, «СӨЗЫВ» әдеби фестиваліндегі атмосфера - қарапайым, бейресми. Бар ішінде - темекі түтіні, сыра мен әсем әуен.

«СӨЗЫВ»

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Павел Банников «мұның алғашқы қазақстандық әдеби фестиваль» екенін айтты. Ол шілденің 14-і күні Азаттық тілшісіне:

- Әрине өзге де фестивальдер, мәселен «Шабыт» деген бар, бірақ әдебилері жоқ. Біріншіден, мен мемлекеттік мәдени шараларға сенімсіздікпен қараймын. Өйткені олар әдетте ешқандай эстетикалық ләззат бермейді. Онда поэзия шектеулі, цензура да бар, - деді.
Ұйымдастырушы, ақын Павел Банников. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.
Ұйымдастырушы, ақын Павел Банников. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.

Оның айтуынша, «Ақындардың «қаруы» - сөз, ақындар сол «мәртебелі сөз» үшін бас қосып жатыр, сондықтан да фестивальдің аты - «СӨЗЫВ».

Ұйымдастырушылар фестивальге «поэзияны хобби немесе частушка деп қабылдайтындардың» шақырылмағанын, «айтары бар, өзіне ғана тән қолтаңбасы бар» ақындардың ғана жиналғанын айтты.

- Олардың ішінде Дүйсенбек Нақыпов секілді танымал ақынымыз 66 жаста болса, ең жас ақын қызымыз Астанадан келген Александра Прощеноко 17-де, - деді Павел Банников.

«СӨЗЫВ» - алматылық ақындар Павел Банников пен Иван Бекетовтардың бастамасы. Олар фестивальды жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналдырмақ.

«АҚЫНДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ШЫНДЫҚТАН ҚОРЫҚПАУ КЕРЕК»

Ақын Дүйсенбек Нақыпов «Тәуелсіздік алғалы бұл - алғашқы фестиваль, «Қазақстанда поэзия жоқ» деуші скептиктерге сабақ» деді.
"СӨЗЫВ" әдеби фестиваліне келген көрермендер. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.
"СӨЗЫВ" әдеби фестиваліне келген көрермендер. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.

- Біздегі қазіргі поэзия 70-80-жылдардағы поэзиямен салыстырғанда, едәуір мықты. Мен тіпті, біздің поэзия Ресейдікінен біршама қызықтырақ деп те айтар едім, - деді ол.

Шараға қатысушылар «Ақындарды әдетте, көзі тірісінде бағаламайды. Қазіргі Қазақстанда да ақындардың рөлі маңызды деу қиын» деді.

Бірақ жас ақын Жанар Секербаеваның бұған қатысты өз пікірі бар.

- Ақынды бағалау үшін шындықтан қорықпау керек. Ежелгі түркі заманындағы жыршылар мен қазақтың ақындарының кез келген шындықты жасырмай айту мүмкіндігі болған. Бұл үшін олар жазаланбайтын. Адамды жазалауға болады, ал сөзді қалай жазалайсыз? Меніңше, шындықтан қорықпайтын мемлекетте ғана оны айтуға мүмкіндік болады, - деді Жанар Секербаева.
Ақын Жанар Секербаева. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.
Ақын Жанар Секербаева. Алматы, 14 шілде 2012 жыл.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі ақындар қоғамда болып жатқан жайттарды шынайы сипаттауға тырысады, бірақ тыңдаушы аз.

- Бүгінгі шара сияқты кештер ұйымдастырылып тұрса, ақын мен тыңдаушының бір-бірін табуға септігі тиер еді, - деді Жанар Секербаева.

Екі күнде 24 ақын өлеңдерін оқыды. Ұйымдастырушылар фестивальге қатысқан ақындардың өлеңдерін жинақ етіп шығармақ.
XS
SM
MD
LG