Accessibility links

Қазақ полициясы кісі өлтірмейтін қару ұстамақ


Тәуелсіздік монументі түбіндегі жиынды бақылауға бара жатқан полицейлер. Алматы, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Тәуелсіздік монументі түбіндегі жиынды бақылауға бара жатқан полицейлер. Алматы, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов блогындағы сауалдарға жауап берген кезде «полицейлерге адам өлтіре алмайтын қару берілетінін» айтты. Шеруді тарқату үшін қару қолдану мәселесі Жаңаөзен оқиғасынан кейін – полиция қарусыз халықты атқан соң айтыла бастады.


Министр Қалмұханбет Қасымовтың жазуынша, 2013–2015 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау кезінде адам өлтірмейтін қару сатып алатын қаржы да сөз болады.

Адам өлтірмейтін қаруды қолдану «құқық бұзушыларға өте тиімді әсер етіп, көңіл-күйі агрессиялы топты денсаулықтарына зақым келтірмей-ақ, әжептеуір қашықтықтан таратып жібереді» дейді Қалмұханбет Қасымов.

«КАЛАШНИКОВ» – ПОЛИЦИЯНЫҢ ТАБЕЛЬДІК ҚАРУЫ»

Соғыс қаруын қолдану мәселесі 2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері Маңғыстау облысында болған оқиғадан кейін көп айтылды.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов желтоқсанның 18-і Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаевтың сауалына жауап берген кезде шеруді тарату үшін қару қолдануды жақтады.



Министр Қасымовтың айтуынша, Жаңаөзенде полицияның қару қолданудан басқа амалы қалмаған. Оның сөзіне қарағанда, «оқиға басталған кезде полицейлер қарусыз болған, одан кейін ғана бірнеше полицей ішкі істер басқармасына барып, Калашников автоматын алып келген».

Қасымовтың сөзінше, Калашников автоматы мен Макаров тапаншасы – полицейлердің табельдік қаруы. «Гонг» жоспары іске қосылған кезде полицейлердің бәрі қаруын алады. Ол жоспарды Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы жария еткен» дейді министр Қалмұханбет Қасымов.

Ресми есеп бойынша, Маңғыстау облысында 2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері болған оқиғалар барысында 17 адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланған. Жергілікті тұрғындар мен құқық қорғаушылар жапа шеккендердің бұдан да көп екенін айтады.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG