Accessibility links

Дариға Назарбаеваның саяси мансабы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен қызы Дариға Назарбаеваны парламент сенатының депутаты етіп тағайындады. Әкесі билікте отырған 27 жылдың ішінде қызы республикалық медиа құрылым басшысы да болды, үкімет пен парламентте жоғары лауазымды қызметтер де атқарды. Назарбаева өзі құрған билікшіл партияны басқарып, кейін онымен бірге президенттік партия қатарына енді. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабының өсуі туралы фотогалерея ұсынады.
Түгелін оқыңыз

Дариға Назарбаева – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаевның отбасындағы үш қыздың үлкені. Ол совет заманында Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Мәскеу мемлекеттік университеті аспирантурасында оқыған. Саяси ғылымдары докторы деген атағы бар. Суретте: Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
1

Дариға Назарбаева – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаевның отбасындағы үш қыздың үлкені. Ол совет заманында Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Мәскеу мемлекеттік университеті аспирантурасында оқыған. Саяси ғылымдары докторы деген атағы бар.

Суретте: Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

СССР ыдыраған тұста Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтар отбасының ересек екі қызы мен күйеу балалары өзге замандастары тәрізді әртүрлі салада қатардағы қызметтер атқаратын. Арада бірнеше жыл өткенде мемлекеттік қызмет пен бизнесте олардың тасы өрге домалай бастады. Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері. 1990-жылдардың басында түсірілген сурет.
2

СССР ыдыраған тұста Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтар отбасының ересек екі қызы мен күйеу балалары өзге замандастары тәрізді әртүрлі салада қатардағы қызметтер атқаратын. Арада бірнеше жыл өткенде мемлекеттік қызмет пен бизнесте олардың тасы өрге домалай бастады.

Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері. 1990-жылдардың басында түсірілген сурет.

1995 жылы Дариға Назарбаева жаңадан құрылған «Хабар» агенттігі жабық акционерлік қоғамның басшысы болып тағайындалды. Жаңа агенттіктің құрылуы елдегі бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарының «тендерден өте алмай» жабылуымен тұспа-тұс келді. Дариғаның күйеуі, медициналық білімі бар Рахат Әлиев әуелі салық комитетін басқарды, кейін ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына дейін жоғарылады. Ерлі-зайыптылар Қазақстандағы бірқатар медиа-компаниялар, үлкен кәсіпорындар мен коммерциялық банктің меншік иесіне айналды. Суретте: Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев.
3

1995 жылы Дариға Назарбаева жаңадан құрылған «Хабар» агенттігі жабық акционерлік қоғамның басшысы болып тағайындалды. Жаңа агенттіктің құрылуы елдегі бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарының «тендерден өте алмай» жабылуымен тұспа-тұс келді. Дариғаның күйеуі, медициналық білімі бар Рахат Әлиев әуелі салық комитетін басқарды, кейін ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына дейін жоғарылады. Ерлі-зайыптылар Қазақстандағы бірқатар медиа-компаниялар, үлкен кәсіпорындар мен коммерциялық банктің меншік иесіне айналды.

Суретте: Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев.

Дариға Назарбаева 2002 жылдан бері өзі негізін қалаған Еуразия медиа-форумының ұйымдастыру комитетін басқарады. Сонымен бірге ол 2002 жылы өз бастамасымен құрылған Қазақстан журналистері конгресі ұйымы жетекшісі болып сайланған. Суретте: Дариға Назарбаева кезекті Еуразия медиа-форумында сөйлеп тұр. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.
4

Дариға Назарбаева 2002 жылдан бері өзі негізін қалаған Еуразия медиа-форумының ұйымдастыру комитетін басқарады. Сонымен бірге ол 2002 жылы өз бастамасымен құрылған Қазақстан журналистері конгресі ұйымы жетекшісі болып сайланған.

Суретте: Дариға Назарбаева кезекті Еуразия медиа-форумында сөйлеп тұр. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG