Accessibility links

Туыстары «түрмедегі жақындарымыз соққыға жығылды» деп уайымдайды


Гранитный кенішіндегі түрме көрінісі. Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.
Гранитный кенішіндегі түрме көрінісі. Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.

Ал Қылмыстық атқару жүйесі комитеті арнайы іздестіру шарасы кезінде Гранитныйдағы сотталушылардың қарсылық көрсеткенін айтады.


Ақмола облысы Гранитный кентінде орналасқан ЕЦ-166/25 колониясындағы сотталушылардың туыстары сейсенбі күні бас прокуратураға шағымданбақ. Бұған маусымның 24-і күні «колониядағы жаппай ұрып-соғу» түрткі болғанын айтқан азаматтар түрмедегі істің егжей-тегжейін анық білмейді.

«КҮЙЕУІҢЕ ЖАМАН БОЛАДЫ»

Колониядағы күйеуімен кездесу үшін маусымның 22-сінен бері сол жерде жүрген Маргарита Вирфель түрмедегілердің соққыға ұшырағанын жұма күні өз көзімен көргенін айтады. Оның айтуынша, маусымның 24-і күні
Cотталған азаматтың зайыбы Маргарита Вирфель. Астана, 25 маусым 2011 жыл.

таңертең колонияға үш машина әскер кіргізілген.

– Кездесу бөлмесінің терезесінен көрініп тұрады. Оларда мектеп не оқу корпусы бар екен. Сол жерге алдымен екі тұтқынды апарып, көзімізше ұра бастады. Бірдеңе істеуге мәжбүрлеген болуы керек, олар бас тартқандай көрінді. Мұнан кейін сойыл (дубинка) ұстаған арнайы жасақ өкілдері келіп, оларды ұрып-соға бастады. Шамамен жүз шақты адам соққыға ұшырады ғой деймін, – деді Маргарита Вирфель маусымның 25-і күні Астанада журналистермен кездесуде.

Оның сөзіне қарағанда, мұнан кейін кездесу бөлмесінде отырғандарды бірден «жаттығу өтеді» деп асықтырып, сыртқа шығарып жіберген. Сақшылардың бірі бұл жағдайға куә болған Маргарита Вирфельге келіп, «көргендеріңді біреуге айтсаң, күйеуіңе жаман болады» деп ескертіпті.

Маргарита Вирфельдің айтуынша, сәлден кейін түрмеге үш жедел жәрдем көлігі іркес-тіркес кіргізілген. Жаңадан келген сотталушылардың
Сотталушылардың туыстарының бірі Светлана Теркебаева. Астана, 25 маусым 2011 жыл.

туыстарына карантин жарияланғанын айтып, әуелі сәлемдемелерді қабылдаудан бас тартқан. «Тек барлығы қарсылық таныта бастағаннан кейін қабылдады» дейді ол.

«ПРОФИЛАКТИКА МЕН ІЗДЕСТІРУ»

Сотталушылардың туыстарының бірі Светлана Теркебаева да түрмедегі жақынының денсаулығына алаңдап отырғанын айтады.

– Сотталушылар «көмектесіңдер» деп айғайлай бастады. Біз естімесін деп, әдейі музыка дауысын қатты шығарып қойды. Кездесу бөлмесінде отыратын адам шығып, түрмеде су жүйесінің бұзылуына байланысты судың жоқтығын айтты. Мұның кездесуге қандай қатысы бар? – дейді Светлана Теркебаева.

Сотталушылардың туыстарының айтуынша, түрмедегі арнайы жасақ әлі шығарылмаған. «Жақындарымыздың өлі-тірісін біле алмай отырмыз» дейді наразы топ.

Азаттық тілшісі бұл жайтқа байланысты Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне хабарласып, маусымның 27-сі күні жазбаша түрде жауап алды. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусымның 24-і күні ЕЦ-166/25 түзету мекемесінде прокуратура органы өкілдерінің бақылауымен «профилактикалық және іздестіру» шаралары жүргізілген.

«Соның нәтижесінде 137 ұялы телефон, 64 сим-карта, 10 литрдан артық спиртті ішімдік, 65 мың теңгеден артық ақша, сонымен бірге суық қарулар тартып алынды» делінген комитет жауабында.

Комитеттің жазуынша, бұл заттарды тұтқындардан тартып алу кезінде «кейбіреулер өздерінің тәнін әдейі жарақаттау арқылы жаппай тәртіпсіздік жасауға тырысқандықтан» оларды кісендеген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG