Accessibility links

AzattyqLIVE: Мұғалім мен оқушының құқығы


Педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов пен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 10 ақпан 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында мектептердегі жанжал, күш көрсету видеолары көбеюі себепті мұғалім мен оқушы құқықтары мәселесі талқыланды. Студия қонағы - педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов болды.

Мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал, балағат, күш көрсету видеолары интернетте жиі шығып жүр. «Білім беруші мен білім алушы тараптың ортасында кездесетін осындай кикілжіңдер қалай реттеледі?» деген сауалға педагогика ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов жауап беруге тырысты.

Хабарда оқушылар мен олардың ата-аналарының жауапкершілігі хақында мұғалімдердің уәждері де айтылды. Тікелей эфирде өткен хабардың видеосын төменнен көріңіздер. ​

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

Пікірлерді көріңіз (6)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG