Accessibility links

Үздік үш комментарий


(Көрнекі сурет)
(Көрнекі сурет)

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АҚТАС, ALMATY

Сотта әділ шешім қабылданады дегенге сене алмай отырмын. Сот барысында күдік пен күмәнім де өте қоюланып кетті. Мақалада прокурор айтқан үшінші күш елімізде еш табылған емес, сол себепті де көпшілігіміз оны биліктің өзі ұйымдастырады деп қабылдаймыз. Билік өз қолын өзі кесе ме?

(«Үшінші күштің» кім екені анықталмай қалды» атты мақалаға жазылған пікір)

АҚТАС, ALMATI

Орыс Абаймен тазаратын болды. Біз қайтеміз, ...Қайран елім, қазағым, қайран жұртым?

(«Иван Ургант Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды» атты мақалаға жазылған пікір)

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Ит итпен таласа берсін - ол қожайындарының шаруасы. Ел билеушілер иттік жасап елді қаппасын, олардың қожайындары кім? гәп сонда.

(«Ит таластыру – исламға қайшы» дейді ауғандық құқық қорғаушылар» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG