Accessibility links

Бурылдағы наразылық

Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.

Бурыл ауылының халқы ауыл орталығына жиналып, "бала өлімі" оқиғасына қатысты талаптарын білдірді. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 16 ақпан күні «бала өлімі» оқиғасына орай «бұзақылық жасағаны» үшін он жас жігітті полиция ұстап әкеткен. Қамалған азаматтардың туыстары, жақындары және тұрғындар қазіргі кезде оларды босатуды талап етіп тұр.

Бұдан алдын Бурыл ауылында «халық дүрлікті» деген мәліметтер тарап, оны облыстық ішкі істер департаменті де растаған. Мәліметке қарағанда, ақпанның 15-і күні Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы бір үйден кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Мәйіттен күш қолданып өлтіру белгілері анықталды. Кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бурыл ауылы тұрғындарының саны 8 мыңнан асады. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 17 ақпан, 2016 жыл.

Түгелін оқыңыз

Қалқанмен тұрған полиция арнайы жасағы мен ауыл тұрғындары.
1

Қалқанмен тұрған полиция арнайы жасағы мен ауыл тұрғындары.

Бурыл тұрғындарының жиналып жатқан сәті.
3

Бурыл тұрғындарының жиналып жатқан сәті.

Жиналушылар қарасы күнімен тыйылған жоқ.
4

Жиналушылар қарасы күнімен тыйылған жоқ.

Бурыл ауылында көшеге жиналған тұрғындар мен оларға қарсы шеп түзеп тұрған полиция күші.
9

Бурыл ауылында көшеге жиналған тұрғындар мен оларға қарсы шеп түзеп тұрған полиция күші.

Тағы

XS
SM
MD
LG