Арызды Астана қаласының Алматы аудандық соты қарайды.
«ӨЗІН ӨЗІ ҰРЛАҒАН»
Астанадағы «Заң және әділдік» баспасөз клубы мен Abiyev.kz сайтының жетекшісі Тоқберген Әбиев өткен жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен еді. Жоғалардан бір күн бұрын ол «ел бұрын-соңды естімеген жемқорлық туралы айғақтар жариялаймын» деп, журналистерді баспасөз-мәслихатына шақырған еді. Кейін белгілі болғандай, оның бұл жиынды өткізетін ойы болмаған. Әбиевтің айтуынша, ол «бұл әрекет арқылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен жұрт назарын елді жайлаған жемқорлыққа аудармақ болған». Алайда Әбиев өзін тез тауып алады деп ойламаған.
Полицейлер желтоқсанның 31-і күні журналисті Астана аудандарының бірінде жалға алған пәтерде жасырынып жатқан жерінен тапты.
«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымы Тоқберген Әбиевтің бұл әрекетін «журналистік және кәсіби этикаға жат» деп тауып, оны «қара тізімге» енгізді. Кейінірек өткізген баспасөз жиынында Әбиев өз қылығының себебін түсіндіріп, түрлі сұрақтар қойған журналист әріптестеріне балағат сөздермен жауап берді.
«КӨКШЕТАУДАН ІЗДЕДІК»
Астана қаласының прокуроры Мұхтар Жөргенбаев талап-арызда Тоқберген Әбиевтен мемлекет пайдасына 14 562 теңге (жүз долларға жуық) мен 146 теңге мемлекеттік баж салығын өндіруді сұрайды.
Талап-арыз «полицейлер жүргізген іздеу шараларына бюджет қаражаты жұмсалды» деген уәжбен жазылған. Жоғалған журналисті іздеу үшін Көкшетау қаласына жіберілген оперативтік қызметкердің іссапар шығынына 14 мың теңгеден асатын ақша жұмсалған.
Полицейлердің өздері бұл жағдай туралы әлдебір түсінік беруден бас тартты. Астана қаласы ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметінің өкілі Азаттық тілшісіне «Неліктен бұл мәселе жөнінде менен сұрайсыңдар?» деп, баспасөз хатшысының өзіне хабарласуды ұсынды. Бірақ хатшы телефонын алмады.
ӘБИЕВ ТӨЛЕУДЕН БАС ТАРТАДЫ
Тоқберген Әбиев «іздеуге кеткен шығында өтеу туралы талап заңға қайшы» деп есептейді. Ол өзінің «заңның дәл қай тұсын бұзғанын түсіндіруді сұрайды».
Оның пікірінше, «Талап-арыз дұрыс жазылмаған, ал полицейлер оны ғана емес, Қазақстанның жоғалған кез-келген азаматын іздеуге міндетті».
Тоқберген Әбиев полиция қызметкерінің Көкшетауға жіберілгенін, ол жақта қайда түнеп, қалаға немен жеткенін растайтын дәлелдерді көрмегенін айтады.
- Жалпы, бұл ондай үлкен ақша емес. Бірақ кешіріңіздер, бұл прецедент қой. Қазақстан азаматшасы ретінде менің әйелім құқық қорғау органдарына арыз жазды. Ал құқық қорғау органдарына біз салық төлейміз. Олар өз жұмысы үшін жалақы алады, сондықтан бұл арыз менің отбасыма зиян келтірмеуі тиіс. Мені сотқа бергендері - менің отбасымды сотқа берді деген сөз. Әлгі 10 күн ішінде мені іздейміз деген сылтаумен Астананың оперативниктері бүкіл Қазақстанды, тіпті ТМД елдерін шарлап кетсе, талап соманың қандай болып шығатынын өзіңіз ойлаңызшы, - дейді Тоқберген Әбиев.
«Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға сілтеме жасаған ол «полицейлер мені тегін іздеуге міндетті» дейді.
- Аға жедел уәкіл Қожахметов өзінің міндетін атқарды. Өйткені Астананың ІІД-ін де, прокуратурасын да, барлық шенеуніктерін де салық төлеушілер, оның ішінде жұбайым екеуміз асырап отырмыз. Әлде қазір полиция қызметкерлері коммерциялық негізде қызмет көрсетуге көшкен бе? Егер олай болса, онда Қазақстан тұрғындары бұл сияқты орынсыз жағдайға тап болмас үшін прокурор Жөргенбаев мырза жұмыстарының бағасын айтсын, - дейді Әбиев.
Кезінде Тоқберген Әбиевтің басқарған «Заң және әділдік» газеті қазір жабылған. 2007 жылдың көктемінде із-түзсіз жоғалып кеткен журналист Оралғайша Омаршанова да осы басылымның тілшісі болып істеген. Оның қайда екені әлі белгісіз. Әбиевтің мәлімдеуінше, журналистік зерттеумен айналысқан Оралғайша Омаршановаға талай рет қоқан-лоққы жасалған. Алайда оның жоғалғаны туралы қозғалған іс сол күйі аяқсыз қалды.
Кезінде Тоқберген Әбиев жоғалып кеткен әріптесі туралы істі бір жағына шығаратынын айтып, уәде еткен. Алайда 2008 жылдың шілде айында оған қызметтік ақпаратты сатып алу мақсатында полиция офицеріне пара берді деген айып тағылып, үш жылға сотталған. Журналист түрмеде мерзімін өтеп жатқан кезде «Заң және әділдік» газеті шықпай қалды.
2011 жылдың мамыр айында түрмеден шыққан Тоқберген Әбиев өзінің «Заң және әділдік» деген пресс-клубын құрып, Abiyev.kz сайтын ашты. Бұл ақпараттық құралдарда өзі «жемқорлыққа қарсы» деп атайтын материалдарды жариялайды.