Accessibility links

Алматыда таңғы сағат 10:30 шамасында Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі алдында атыс болып, 12:20-да қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. AzattyqLIVE бұл оқиғаны саясаттанушы Досым Сәтпаевпен талқылады.

Алматыда бүгін атыс болды. Түрлі ақпараттарға қарағанда, атыс Байтұрсынұлы мен Қарасай батыр көшелері қиылысындағы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы алдында, Абай мен Байзақов көшелері қиылысында және тағы бірнеше жерде болған. Кем дегенде бес адам жараланған.

​Алматы ішкі істер департаменті бұл оқиғаға байланысты ресми түрде қалада сағат 12:20-да террорлық қауіптің ең жоғарғы қызыл деңгейі жарияланғанын мәлімдеді.

AzattyqLIVE хабары бұл оқиғаны саясаттанушы Досым Сәтпаевпен талқылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG