Accessibility links

Twitter Қазақстанда да танымал бола бастады


Twitter сайты. (Көрнекі сурет)
Twitter сайты. (Көрнекі сурет)

Осыдан алты жыл бұрын ашылған Twitter («Твиттер») – ең танымал әлеуметтік желілердің бірі. Бұл сайт та Facebook («Фейсбук») сияқты азаматтық белсенділік құралына айналып барады.


Тәуелсіз блогшы Дина Байділдаева – Twitter-дің белсенді пайдаланушысы. Осы аптада ол Twitter-дің Қазақстандағы мүмкіндіктері туралы сюжет түсірді.

ҰҚК МЕН TWITTER

– Біз Twitter блог-платформасының азаматтық журналистика мен адамдардың әлеуметтік белсенділік құралы ретіндегі маңыздылығын көріп отырмыз. Мәселен, Жаңаөзен бойынша ақпараттық блокада кезінде «Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларының ереуілі туралы мәліметтерді Twitter арқылы алып отырдық. Twitter саяси оқиғалардың жария болуын қаламайтындар үшін қауіпті құралға айналып барады. Бұған дәлел ретінде Жаңаөзен мұнайшыларына Twitter-ді пайдалануды үйреткен «Либерти» қоғамдық қорындағы әріптесім Мұрат Тұңғышбаевтың ұлттық қауіпсіздік комитетіне шақырылғанын
Блогшы Дина Байділдаева. Ақтау, 27 желтоқсан 2011 жыл.
Блогшы Дина Байділдаева. Ақтау, 27 желтоқсан 2011 жыл.
айтуға болады. ҰҚК қызметкерлері Мұратқа «егер бұл әрекеттеріңді тоқтатпасаң, саған қарсы қылмыстық іс қозғаймыз» деп ескерту жасаған еді, – дейді Дина Байділдаева.

Интернетте жариялаған бейнетаспада Дина Байділдаева ұялы телефон арқылы интернетке оңай қосылып, дер кезінде ақпарат алып отыруға болатынын көрсетеді. Қазақ блогшысы Twitter-де тіркелу арқылы ақпаратты 4040 нөміріне жіберіп, шұғыл интернетке жариялауға болатынын түсіндіреді.

Интернет құралдарын жақсы игерген Дина Байділдаева сияқты блогерлер қарапайым интернет пайдаланушыларын өздері куә болған маңызды оқиғалар туралы жұртты қалай тез арада хабардар ету мүмкіндіктерін үйретеді. Сонымен қатар сайлау кезіндегі заң бұзу фактілері болса, ондай мәліметтерді Twitter арқылы әлеуметтік желілерге жолдауға болады.

«ЖҰРТ ӨЗГЕРІСТІ ҚАЛАМАСА, ТВИТТЕН ДЕ ПАЙДА ЖОҚ»

«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі, әлеуметтік желілер арқылы Қазақстандағы «Қарсылық жиындарын» ұйымдастырушылардың бірі Бақытжан Төреғожинаның ойынша, Twitter Қазақстанда аса танымал емес, кейбіреулер тіпті Twitter мен Facebook туралы ешнәрсе білмейді.

– Бұл екі сайтты игеру процесі онша дамымаған. Бұл тұрғыда біз дамыған
«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина. Алматы, 6 сәуір 2011 жыл.
«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина. Алматы, 6 сәуір 2011 жыл.
елдерден артта қалып отырмыз. Мәселен, мен өзім Twitter-мен осыдан шамамен сегіз ай бұрын таныстым. Еліміздегі соңғы парламенттік сайлаулар кезінде Twitter мүмкіндіктерін жақсы пайдалана алмадық. Бұған қоса, қудалау фактілері адамдарды қатты алаңдатты. Жаңаөзен трагедиясынан кейін ҰҚК және полиция қызметкерлері Twitter аккаунты бар адамдарды тұтқындады. Осыдан кейін көптеген азаматтар Twitter-ден бас тарта бастады. Меніңше, адамдардың сана-сезімі болуы тиіс, ал интернет – коммуникацияның бір түрі ғана. Жұрт өзгерістердің болуын қаламаса, күніне мыңдаған твит-хабарлама жіберсеңіз де, өзгерістер болмайды, – дейді Бақытжан Төреғожина.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары «Араб көктемін» «Twitter-революциялар» деп те атайды, себебі белсенділер Twitter және Facebook желілері арқылы іс-қимылдарын үйлестірген.

БИЛІККЕ ДЕ, ОППОЗИЦИЯҒА ДА ОРТАҚ TWITTER

Премьер-министр Кәрім Мәсімов – Twitter-дегі белсенді қазақстандық шенеуніктердің бірі. Оның 51 мың 200-ден астам фолловері (яғни оқырманы) бар. Мәсімов 1400-ден астам твит (жазба) жариялаған.

Батыс Қазақстандағы ереуілші мұнайшылар 16 желтоқсандағы Жаңаөзен
Жаңаөзендегі ереуілші мұнайшылардың Twitter жазбалары. 24 тамыз 2011 жыл.
Жаңаөзендегі ереуілші мұнайшылардың Twitter жазбалары. 24 тамыз 2011 жыл.
оқиғасына дейін Мәсімовке Twitter арқылы әлденеше рет хат жазып, талаптарын айтқан. Бірақ премьер-министр әлеуметтік желілерде ереуілшілердің талабына жауап бермей, ол сауалдарды мекемелерге бұрып жіберетін.

Twitter-дің кейбір қазақстандық қолданушылары Кәрім Мәсімовты жақын тұтып, «біздің твиттерші» деп атайды.

Twitter-ді қазақстандық оппозиция да қолданады. Мәселен, «Алға», ЖСДП және басқа да партиялар Twitter мен Facebook арқылы жаңалықтарымен бөлісіп отырады.

Бірақ оппозицияның 25 ақпан күні Facebook арқылы жаппай наразылық акциясын ұйымдастырмақ болған әрекеті сәтті болмады, хакерлік шабуылға ұшырады

«ЖАҢАЛЫҚ БӨЛІСЕТІН ПЛАТФОРМА»

Азат Еуропа/Азаттық радиосының әлеуметтік желілер бойынша менеджері Камилла Хауторнның айтуынша, Батыс елдеріндегі тұрғындар Twitter-ді барлық бағытта да белсенді пайдаланады. Мұндай жағдай бұрынғы совет елдерінде байқалмайды.
...Қазір Twitter-дің жаңалық бөлісетін платформаға айналғаны да содан шығар.

– Twitter-дің Facebook-тен айырмашылығы – көбіне бір бағыттағы байланыста ғана жұмыс істейді. Facebook-те біреудің «досы» болу үшін міндетті түрде ол адамның қабылдауы керек. Ал Twitter-де ондай мақұлдаусыз-ақ кез-келген твиттершінің жазғандарын оқи бересіз. Қазір Twitter-дің жаңалық бөлісетін платформаға айналғаны да содан шығар. Сондықтан да барлық ақпараттық ұйымдар аудиториясын көбейту үшін Twitter-ді қолдана бастады, – дейді ол.

Камилла Хауторн америкалық Pew («Пью») зерттеу орталығының 2012 жылдағы ақпарат құралдарының жағдайы туралы жақында ғана жариялаған есебін тілге тиек етті. Онда Twitter мен Facebook-тің әлемдік ақпараттық кеңістікте ғаламдық сайттарға айналғаны, жаңалық таратудағы рөлі күшейгені айтылған.

Twitter (ағ. twitter – «шиқылдау», «шырылдау» деген сөз) сайтын 2006 жылы 21 наурызда америкалық программист әрі бизнесмен Джек Дорси құрған. Бұл сайт әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің біріне айналды. Қазір оның қызметін 300 миллионнан астам адам қолданып, твит-хабарламаларын жариялайды.

Socialbakers сайтының мәліметіне қарағанда, Қазақстанда 450 мыңнан астам адам Facebook-те тіркелген. Ал Twitter-ге қатысты нақты ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG