Accessibility links

Биліктен қуылғанның байлықтан айрылмауы


Алматы қаласының бұрынғы әкімі, экс-министр Виктор Храпунов.
Алматы қаласының бұрынғы әкімі, экс-министр Виктор Храпунов.

Виктор Храпунов күні кеше ғана Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді адамдарының бірі, қазір өзі Швейцариядан сынап жатқан жүйенің өкілдерінің бірі еді. Елден кетіп қалуға мүмкіндік алған бұрынғы шенеунік «қудалаудан» құтыла алмады.


Шығыс Қазақстан облысының тумасы Виктор Храпунов еңбек жолын слесарь-жөндеушіліктен бастап, Алматыдағы жылу жүйелері кәсіпорындарында инженер болып жұмыс істеді. Сосын Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметіне, одан соң Алматы қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына дейін көтеріліп, орта деңгейлі шенеуніктің қатарына енді.

АҚОРДАДАН АЛАСТАУ

Постсоветтік кезеңде ол энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, сосын энергетика және табиғи ресурстар министрі болып қызмет атқарды. Виктор Храпунов ел есінде бәрінен бұрын Алматы қаласының әкімі ретінде қалып қойды. Оны бұл қызметке 1997 жылы Қазақстан астанасын сол кездегі Ақмола қаласына ауыстырған кезде кездейсоқ, уақытша атқара тұрады деп тағайындаған еді. Бірақ ол әкім орынтағында жеті жылдан астам уақыт отырды.

1990 жылдардың аяғында Алматы экономикалық және инвестициялық дүмпу кезеңін бастан өткеріп жатты. Алматы астана мәртебесінен
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында. Алматы, 8 қаңтар 2001 ж.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында. Алматы, 8 қаңтар 2001 ж.
айрылып қалғанымен, Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы болып қалды. Қала әсіресе орман-тоғайларды отаудың есебінен қарқынмен кеңейді. Алматының гүлденуі 2007 жылға дейін созылды. Одан кейін басталған дағдарыс көп адамдар қаржысын салған қаланың құрылыс саласына ауыр соққы болып тиді.

Ал Виктор Храпунов ол уақытта «көлеңкеде» қалып қойған еді. 2004 жылы оны Шығыс Қазақстан облысына әкім етіп жіберді. 2007 жылы қаңтарда оны Астанаға ауыстырып, бір жыл төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарады. Айта кетерлігі - Алматының бұрынғы үш әкімі осы министрлікке үш рет басшы болып тағайындалған еді. Виктор Храпуновқа дейін бұл қызметте Заманбек Нұрқаділов пен Шалбай Құлмаханов отырған.

Виктор Храпуновқа төтенше жағдай министрі лауазымы оның Қазақстан үкіметіндегі соңғы қызметі болды. Оны бұл қызметтен «Алматы қаласының су қорғау аймағындағы жер учаскелерін заңсыз түрде бөлді» деген себеппен бірден алып тастады. Премьер-министр Кәрім Мәсімов оның отставкаға кету туралы ұсынысын жариялады. Бірнеше күннен кейін президент Нұрсұлтан Назарбаев Виктор Храпуновты министр қызметінен шеттету туралы жарлыққа қол қойды. Виктор Храпуновқа «Алматы облысының табиғатты қорғау аймағына кіретін Шымбұлақ тау шаңғысы мен Медеу шатқалына қарайтын аудандардағы жерлерге құрылыс салуға рұқсат берді» деп кінә тақты.

Жоғары деңгейлі шенеуніктерді жазалау науқаны өткен жылы ерекше деңгейге жетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің өзінің «Өкіл қайын ата» атты кітабында жазғанына қарағанда, Назарбаев сол кезде негізі Храпуновтан кейін Алматының әкімі болған және сол уақыттары танымал болып келе жатқан Иманғали Тасмағамбетовпен «есеп айырысуды» қалаған екен. Ол ішкі кланаралық ойынның қудалауында жүрген болса керек. Бірақ Тасмағамбетов өз орнын сақтап қалды. Рахат Әлиевтің айтуы бойынша, Иманғали Тасмағамбетовте Назарбаевқа қарсы әшкере материалдар болғандықтан, Храпуновты «кінәлі» етіп шығаруға тура келген.

Алматының ерекше қорғауға алынған аймағындағы жерлерді қайтарып алып, зәулім үйлерді күреп тастау қаупі туғанымен, Храпуновты қызметтен шеттеткен соң әшкерелеу науқаны біртіндеп баяулай бастады. Бірақ бұның арты немен тынғанын ешкім білмейді. Жер дауының басты «кейіпкері» болған Храпунов отбасымен бірге Қазақстаннан кедергісіз кетіп қалды. Жергілікті басылымның жазуына қарағанда, ол Швейцарияға өзімен бірге тұтас бір ұшаққа мүлкін тиеп әкеткен екен.

ҚУДАЛАУ

Қазақстаннан қашып кеткен шенеуніктер, әсіресе, өзге ұлттан шыққандар тез ұмыт болады, олар да өздері жайлы ешкімге білдірмейді. Ал Храпунов жанға жайлы Швейцарияда ұзақ уақыт рақаттанып жата алмады.

Үкім Қазақстандағы билікшіл қуыршақ-саясаткерлердің аузымен айтылып, қашып жүрген бұрынғы әкімдер мен министрлерді тауып, жазалау талап етіле бастады. Ондай талап алғаш 2009 жылы маусымда көтерілді. Одан бірнеше ай бұрын Қазақстаннан Мұхтар Әблязов қашып кеткен болатын. Қазақстанда оны миллиардтаған долларға тең қаржылық алаяқтық жасады деп сыртынан айыптаған. Ал Әблязовтың өзі мұны саяси тапсырыс деп есептейді. Әблязов пен Храпунов - құдандалы адамдар. Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Ресей президенті болып тұрған кезде "Шымбұлақта". 3 наурыз 2002 ж.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Ресей президенті болып тұрған кезде "Шымбұлақта". 3 наурыз 2002 ж.
бизнесмен Мұхтар Әблязовтың қызы Мәдинаға үйленген. Сол 2009 жылы Қазақстанда Әблязовтың досы, «Қазатомпромның» сол кездегі президенті Мұхтар Жәкішев тұтқындалды.

Тұтқындау кезегі Виктор Храпуновқа жетпеді. Бірақ оған қатысты қудалау шаралары басталып кетті. Қазақстандық басылымдар енді Храпуновтың отбасының иелігінде не барын санай бастады. Бір басылымның жазуынша, оның әйелі Ләйлә Бекетованың атына Алматыда тек соңғы жылдары ғана 32 жылжымайтын мүлік тіркелген екен. Алматыда шығатын «Свобода слова» газетінде Шымбұлақ шатқалындағы жер учаскелерімен байланысты қитұрқылықтарға арналған бірнеше мақала жарық көрді.

2010 жылдың көктемінде Храпуновтың бұрынғы орынбасары – бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Оған мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда қызмет бабын асыра пайдаланды және қаржы полициясының қызметкеріне пара берді деп айып тағылды. Абылай Сабдалин кінәсін мойындаған жоқ. Сотта ол алдын-ала тергеу шаралары кезінде өзіне куәгер ретінде барлық жауапкершілікті төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің бұрынғы және кейінгі басшыларына аудара салу туралы ұсыныс болғанын айтты.

Биылғы жылдың көктемінде Алматы әуежайында Виктор Храпуновтың қайын атасы мен қайын енесін екі рет ұстап әкетті. Жергілікті басылымның хабарлауынша, бірінші рет ұстағанында Қалибек пен Расила Даниярова Түркияға демалуға бармақ болған, бірақ оларды жібермей қойған. Екінші рет олар Мәскеуге бармақ болған кезде жолдары кесілген. Олардың көлік жүргізушілерінің айтуынша, Ләйлә Бекетованың ата-анасын әуежайда бірнеше сағат ұстап, қаржы полициясының қызметкерлерінің тергеуінен кейін ғана босатқан.

2010 жылдың тамызында Қазақстанның қаржы полициясы Виктор Храпуновқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда қандай бап бойынша қозғалғаны нақты айтылмады.

Бірақ «Время» газетінің ақпараты бойынша, Храпуновқа қатысты барлығы бес қылмыстық іс қозғалған. Оның бірі Алматыдағы жаңа әуежайдың құрылысына қатысты. Журналист Геннадий Бендицкийдің жазғанына қарағанда, құрылыстың төңірегінде 10 миллион АҚШ доллары «теріс» мақсатқа пайдаланылып кеткен.

Оның мәліметі бойынша, Алматы қаласы әкімшілігінің сыртқы жарнамаларға арнап 54 жер учаскесін тегін бергеніне қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалған. Әрі бұл учаскелер қазір де Виктор Храпуновтың әйелі Ләйлә Бекетова мен ұлы Ілияс Храпунов құрған екі компанияның меншігінде дейді журналист. Бұдан өзге, мақалада Виктор Храпунов құжат бойынша өзінің жиеніне, ал іс жүзінде әйеліне «Медеу» ұлттық паркінен бөліп берілген төрт гектар жерге орналасқан демалу аймағын арзан бағаға сатып жібергені айтылады.

ДЕМОКРАТ ХРАПУНОВ

Таяуда ғана, қыркүйек айында Виктор Храпунов эмиграцияда жүргеннен бері алғаш рет оппозициялық басылымда көрініп, үнсіздігін бұзды. Алматының бұрынғы әкімі және бұрынғы министр демократия жолындағы күрескер және адам құқықтарын қорғаушы ретінде алға шықты.

Оның орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі сайтында: «Виктор Храпунов бұдан былай барлық күш-жігерін өз елінде сөз бостандығына қысым келіп, құқықтары бұзылып жатқан адамдарды қорғауға арнайды» делінген. Ол сайтына: «Виктор Храпунов республика
Виктор Храпунов бұдан былай барлық күш-жігерін өз елінде сөз бостандығына қысым келіп, құқықтары бұзылып жатқан адамдарды қорғауға арнайды.

тұрғындарының өздерінің болашағына қатысты шешім қабылдауда саяси белсенділік танытуларына қолдау көрсетеді. Швейцария демократия жолына енді ғана түскен елдер үшін үлгі болатынына сенімдімін» деп жазыпты.

Сайттың мазмұнына қарағанда, Виктор Храпуновты президент Назарбаевтың 1989 жылдан бері билікте отырғаны енді ғана мазалай бастаған сияқты. Сайттың жаңалықтар бөлімінде Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылғандығы жайында ақпарат беріліпті. Президент сайлауы жайындағы ескірген жаңалықта Алматы қаласының әкімі болған оппозиция жетекшісі Заманбек Нұрқаділовтің өлімі жайлы айтылады.

ХРАПУНОВ КОМПРОМАТЫНЫҢ СОРАҚЫ ТҰСЫ

Демократ Храпунов өзінің бұрынғы қамқоршысы Нұрсұлтан Назарбаевты әшкерелеуші ретінде көріне бастады. Ол оппозициялық «К-Плюс» телеарнасына берген сұқбатында «Қазақмырыш», «Қазақмыс» пен Шығыс Қазақстан облысындағы басқа да кәсіпорындар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігінде екенін айтты.

Алматының Шымбұлақ тау шаңғысы базасы аймағына кіретін жер учаскелері Назарбаевтың өзінің рұқсат беруімен бөлініп берілді дейді Виктор Храпунов оппозициялық «Республика» газетіне берген сұхбатында. Ол «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы коммерциялық банкке сатылып кетті, ал ол банк 1997 жылдың күзінде «қандай да бір рұқсат ету
Мен келісім-шартқа отырдым, үй салынды, барлық қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай жасалды. Осындай жолмен мен Шымбұлақ тау шаңғысы базасында орналасқан үйдің заңды иегері болдым. Ол үйді кейін сатып жібердім.

құжаттарын дайындамай жатып» президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған үйдің құрылысын бастап кетті дейді.

Оның сөзіне қарағанда, 1998 жылдың көктемінде тағы үш үйдің құрылысы басталып кеткен. «Маған ол үйлердің біреуі Дариға Назарбаеваға, біреуі Нұржан Сұбханбердинге («Казкоммерцбанктің» директорлар кеңесінің төрағасы – Азаттық) арналған. Үшіншісін кімге беруді президент шешеді» деді» дейді Виктор Храпунов.

Оның сөзіне қарағанда, 2000-2002 жылдары бұл жерлерде Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап үй салынып, оған қажетті жаңа жол мен инженерлік желілер тартылған, айналасы көгалдандырылыпты. Президенттің үйіне қызмет көрсететін тағы екі үй салынған. Бұл жаңа үйдің құрылысы аяқталған соң президент оны өзінің қызы Әлияға берді дейді Виктор Храпунов.

Әшкере материалдарын ортаға салған Виктор Храпунов өзін де судан ақ, сүттен таза етіп көрсетпейді. Алматының табиғат қорғау аймағында орналасқан жер учаскелері қалай берілгеніне қатысты әңгімелерде Храпунов осы былықтардың кейіпкері ретінде көрінеді.

Виктор Храпунов «Шымбұлақ» базасында үй салуға қажетті жер бөлу турасындағы шешімді президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады деп бірнеше рет атап өтеді. Бірақ ол шешімге Храпунов қол қойған. «Президент маған Нұртай Әбіқаевқа, Бауыржан Мұхамеджановқа және Иманғали Тасмағамбетовке салынатын үй салуға өзім рұқсат бердім деген кезде мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құжаттарды дайындауға тапсырма бердім» дейді Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов.

Храпуновтың соңғы мәлімдемелері ол жайында Назарбаевқа бағынбаудан қорқатын және оның кез-келген жарлығын орындай беретін тіл алғыш шенеунік ретінде образ тудырады. Ол президенттің кез-келген жарлығын орындап отырған. Енді кезінде қымсынбаған (әсіресе, өзіне пайдалы шешімдер жайлы) өз істегендерін ұят нәрсе ретінде еске алады.

Виктор Храпунов жоғарыда аталған үш үйдің бірі өзіне тигенін мойындайды. «Біраз уақыт өткеннен кейін тау шаңғысы базасының директоры маған үй сатып алу жайын реттей беруіме болатынын, себебі президент оған келіскенін айтты. Мен келісім-шартқа отырдым, үй салынды, барлық қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай жасалды. Осындай жолмен мен Шымбұлақ тау шаңғысы базасында орналасқан үйдің заңды иегері болдым. Ол үйді кейін сатып жібердім» дейді Храпунов.

Алматылық кейбір риэлторлардың бағалауы бойынша, ондай үйдің құны шамамен бес миллион АҚШ долларына тең көрінеді.

ЕКІНШІ ОТАН

«Виктор Храпунов отбасымен бірге сүйікті отанын тастап, Швейцарияға көшу шешімін қайғыра қабылдады. Ол Швейцарияда балаларының болашағы жарқын болатынын, сондай-ақ өз көзқарасын тиімді түрде, соның ішінде билікпен ашық қарсы тұру түрінде де қорғай алатынын білді» дейді Виктор Храпунов өз сайтында.

Осы жерде Храпунов биліктің қудалауынан қашуға мәжбүр болған сияқты көрінеді. Бірақ сайттың басқа бөлімінде Храпуновтың Швейцарияға көшу турасындағы шешімі басқалай сипатталады. «Шиеленіскен табысты саяси карьерасын аяқтап, 2008 жылы Виктор Храпунов зейнетке шығып, өзінің «екінші үйі» – Швейцарияға оралды» деп жазылады онда.

Виктор Храпунов Швейцариямен көп жылдан бері қатынас қалыптастырып үлгерген адам. Отбасының арқасында ол Швейцариямен жақын байланыс орнатты. Жұбайы – іскер әйел Ләйлә 1990 жылдарда-ақ
Шиеленіскен табысты саяси карьерасын аяқтап, 2008 жылы Виктор Храпунов зейнетке шығып, өзінің «екінші үйі» – Швейцарияға оралды.

Швейцариямен іскерлік байланыстар орнатқан. Ол Қазақстанға жоғары сапалы швейцар тауарларын импорттаумен айналысты. Виктор Храпуновтың балалары Ілияс пен Эльвира Женевада оқыған. Екеуі де ол жерде табысты кәсіби қызметтерін бастап кеткен. Ілияс Храпунов Swiss Development Group компаниясын басқарады.

Оның айтуынша, ірі құрылыс салумен айналысатын компания 2007 жылы құрылған. Ресейлік басылымға берген сұқбатында Ілияс Храпунов өзінің қазақ болғандығы кейбір кезде бизнес жүргізуге кедергі келтіретінін айтып шағымданған. Ол жергілікті билік өзінің тек қазақ болғандығы үшін кейбір жобаларына қарсы болатынын жеткізген.

Бірақ Храпуновтар отбасын Швейцарияда аса бай адамдар ретінде таниды. Швейцарлық «Bilan» журналы Виктор Храпуновты 2009 жылы осы елдегі ең бай 300 адамның тізіміне қосқан.
XS
SM
MD
LG