Қазанның 14-і мен 26-сы күндері бокстан әлем чемпионаты тұңғыш рет Алматыда өтті. Жарысқа 111 елден 457 боксшы қатысты.
Іріктеу кезеңі 10 шақты күнге созылып жартылай финалға Қазақстанның – сегіз, Кубаның - бес, Ресейдің - төрт, Италия мен Әзербайжанның - үш, Германия, Өзбекстан, Бразилия және Ирландияның екі-екі боксшысы, жиыны 40 спортшы жолдама алды.
Осы 40 боксшының финалға 20-сы шықты. Алты қазақстандық алтынға таласты. Қайрат Ералиев (56 килограмм) пен Берік Әбдірахманов (60 килограмм) қола жүлдемен тоқтаған еді.
ТӨРТ АЛТЫН
Біржан Жақып (49 килограмм) финалда Мохаммед Флиссиді (Алжир) ұтып, әлем чемпионы атанды. Біржан Жақып бокстан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
- Бұл менің соңғы жарысым болуы мүмкін. Спорттық карьерамды жеңіспен аяқтауды армандайтынмын. Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға қатыспайтын шығармын, - деді ол.
Мерей Ақшалов (64 килограмм). Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Ясниер Толедо Лопесті (Куба) жеңді. Финал өтерден үш күн бұрын Мерей Ақшаловтың жұбайы босанып, әке атанған еді. Ол алтын медалін жаңа туған қызына арнайтынын айтты.
Данияр Елеусінов (69 килограмм) Ариснойдис Диспэйнді (Куба) ұтты. Кездесуден кейін қазақ боксшысы жеңісін жарысты тамашалауға келген Назарбаевқа арнайтынын (финалды Қазақстан президенті келіп көрген еді – ред.) айтып:
- Әлем чемпионаты болғандықтан барлық кездесу қиын соқты. Бастысы – мақсат орындалды, - деді.
Жәнібек Әлімханұлы (75 килограмм) финалда Джейсон Куиглиді (Ирландия) жеңіп, Қазақстан құрамасына төртінші алтынды алып берді.
- Маған әлем чемпионаты алдында бапкерлерім «алтын ал» деген міндет қоймаған. Бірақ ол міндетті мен өзіме қойдым, - деді чемпион.
ЕКІ КҮМІС
Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм). Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Ниязымбетов финалда Хулио Де Ла Крустан (Куба) ұтылып, күміс алды.
Бұған дейін екі боксшы Бакуде (2011) өткен әлем чемпионатының финалында кездескен. Ол жолы да Ниязымбетов жеңілген еді.
Иван Дычко (91 килограмнан жоғары). Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко әзербайжандық Могамедрасул Меджидовтен нокаутпен ұтылды.
Дычко алғашқы екі раундта ұпай санымен жеңіп жатқан. Үшінші раундта Меджидовтен екі ауыр соққы алып, орнынан тұра алмай қалды. Төрешілер жеңісті Әзербайжан боксшысына берді.
ЕКІ ҚОЛА
Жартылай финалда ұтылған екі қазақстандық Қайрат Ералиев (56 килограмм) пен Берік Әбдірахманов (60 килограмм) қола медаль алды.
Қайрат Ералиев (56 килограмм) Джавид Шалабиевтен (Әзербайжан) ұтылса,
Берік Әбдірахманов (60 килограмм) Лазаро Эстрададан (Куба) жеңілді.
ҮЗДІК БОКСШЫ МЕН ҮЗДІК БАПКЕР
Ұлттық құрама бапкері Мырзағали Айтжанов Азаттық тілшісіне:
- Екі алтын аламыз дегенбіз, мақсатты екі есе орындадық. Біржан Жақып биылғы біріншілікте тамаша бокстасты. Мерей Ақшалов пен Жәнібек Әлімханұлының чемпион болатынына көп ел сенбеген. Екеуінің жеңісіне ешкімнің дауы жоқ. Ал Данияр Елеусінов чемпионат фавориті болған, статусын сақтады. Өкінішке орай, Әділбек Ниязымбетовтің финалдағы қарсыласы сәл басым болды. Иван Дычко алғашқы екі раундта ұпай бойынша жеңіп жатқанын білді де, үшінші раундта босаңсып кетті. Болар іс болды. Бастысы - қазақ боксының дамуы дұрыс жолда екенін көрсеттік, - деді бас бапкер.
Әлем чемпионаты аяқталған соң AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) «турнирдің ең үздік боксшысы» атағын Данияр Елеусіновке, ал «үздік бапкер» атағын Мырзағали Айтжановқа берді.
ЖАНКҮЙЕРЛЕР ПІКІРІ
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына финал өткен күні 15 мыңнан астам адам келді. Алғашқы төрт боксшының жеңісіне қуанған жанкүйерлер Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко ұтылғанда залдан кете бастады. Көрерменнің көбі жарыстың жабылу салтанатына қалған жоқ.
- Төрт алтын - бұрын жетпеген жетістігіміз. Бірақ Дычконың сұлап түскені ауыр тиді, - деді Әділ атты отыздар шамасындағы жанкүйер.
Алматыдағы әлем чемпионатының барлық кездесуін көрген жанкүйердің бірі - Жандос Хамитов. Ол барлық күнге 65 мың теңгелік абонемент сатып алған.
- Қазақстанда алғаш өткен әлемдік додаға бармасам өзімді кінәлі санар едім. Айлықтың жартысын билетке қидым. Өкінбеймін. Алғашқы төрт боксшымыздың жеңісі қуантып тастап еді, Ниязымбетов пен Дычконың ұтылғаны соққы болды. Кей жұрт «Қазақстан өз жерінде төрт алтын алды, сыртта екі алтынды әрең алар еді» дейді. Өзімізде өтсе, алтын алмау керек пе? Милан мен Бакуде өткен біріншіліктерде алтын ала алмадық. Есесін Алматыда қайтардық, - деді жанкүйер.
Қазақстан жалпы есепте (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) – бірінші орын, Куба (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) - екінші орын, Әзербайжан (2 алтын, 1 қола) - үшінші орын, Ресей (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) төртінші орынды иеленді.
Келесі әлем чемпионаты 2015 жылы Катар астанасы Дохада өтеді.