Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Апта бейнелері: 12 - 17 мамыр
17 мамыр 2014 жыл, 08:16
Азаттық 12 - 17 мамыр аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
12 мамырда ресейшіл сепаратистер Украинаның Луганск қаласында 11 мамыр күні өткен "референдум" нәтижесін
жариялады
. Ол бойынша, дауыс берген облыс азаматтарының 96 пайызы "өзін-өзі басқару құқығын қолдаған".
Ресейшілдердің хабарлауынша, Донецкіде сайлаушылардың 89,7 пайызы "өзін-өзі басқаруды" қолдап дауыс берген. Сепаратистердің айтуынша, дауыс беруге қаладағы сайлаушылардың 75 пайызы қатысқан. Алдын ала нәтижелер сайлау учаскелері жабылғаннан екі сағаттан кейін белгілі болды.
Киев пен Батыс елдерінің көбі екі облыста өткен референдумды заңсыз деп санайды.
2
12 мамыр күні Еуропа Одағы (ЕО) Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге салынған санкциялар тізіміне жаңадан қосқан 13 адамның аты-жөнін
жариялады
. Мәлімдемеде ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон "Украинаның шығысында қауіпсіздіктің нашарлағанына алаңдаушылық білдірген". Эштон тізімде аты аталғандар "Украинаның еркіндігі мен егемендігіне, территориялық тұтастығына қатер төндіргендіктен" санкцияға ілінгенін айтады.
Суретте: ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон.
3
12 мамыр күні Франция президенті Франсуа Олланд "Армения Кеден Одағына қосылу туралы жоспары барына қарамастан, Еуропа Одағымен (ЕО) ассоциация туралы келісімге қол қоя алады" деп
мәлімдеді
.
Олланд ЕО Арменияға бола "ерекше үлгі қабылдай алатынын", бірақ ол үшін Брюссель мен Ереван "бірлесе сценарий жасауы қажет" екенін айтты.
4
12 мамыр күні Литвада президент сайлауының бірінші турының нәтижелері
жарияланды
. Литва президенті Даля Грибаускайте 11 мамыр күні өткен бұл сайлауда қарсыластарынан басым дауыс жинап, сайлаудың екінші кезеңіне өтті. Оған сайлаушылардың 45 пайызға жуығы дауыс берген.
Ол енді 25 мамыр күні сайлаудың келесі кезеңінде екінші орында тұрған социал-демократ, солшыл саясаткер Зигмантас Бальчитиспен сынға түседі.
Даля Грибаускайте Ресейдің Украинадағы әрекеттерін қатаң сынап, сайлаушылар алдындағы беделін арттырған. Совет Одағы мен АҚШ-та білім алған экономист Грибаускайте 2009 жылы Литваның алғашқы әйел президенті болып сайланды.
5
13 мамыр күні Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Түркияны Кипрдің солтүстік бөлігін басып алу кезінде адам құқықтарын бұзғаны үшін өтемақы ретінде 90 миллион еуро төлеуге
міндеттеді
.
1974 жылы Кипрде Грекияға қосылуды жақтайтындар мемлекеттік төңкеріс жасағанда Түркия аралға басып кірген еді. Содан бері арал үшке бөлініп қалған. Бөлінген Солтүстік Кипр Түрік Республикасын тек Анкара ғана мойындаған.
Халықаралық аренада заңды мемлекет ретінде танылған Кипрдің оңтүстік бөлігінің үкіметі Түркияны бір жарым мың кипрлік гректің із-түзсіз жоғалып кетуіне және 200 мың адамның тұрғылықты жерін тастап шығуына қатысы бар деп айыптайды. Түркия билігі Страсбург сотының өтемақы төлеу талабын орындамайтынын
мәлімдеді
.
Суретте: аралдың Түркия басып алған бөлігі.
6
13 мамыр күні Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов "Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге Украинадағы әрекетіне байланысты салған санкцияларының күшеюіне алаңдаушылық білдіреді" деп
мәлімдеді
.
Келімбетов "Біздің ең ірі сауда әріптесіміз - Ресейге қатысты санкция режимінің күшеюі алаңдатады. Биыл Ресей экономикасында өсім болмайтын түрі бар. Экономикамыз бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан бұл Қазақстан үшін де жағымды жаңалық емес" деді.
Алайда Азаттыққа пікір білдірген кейбір экономистер Еуропаның Ресейге салған санкцияларының әсерін болжау қиын дейді немесе Ресейге салынатын санкциялар Қазақстанға әсер етеді деп
ойламайды
.
7
13 мамыр күні Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт "пара алды" деген айыппен алты жылға
сотталды
. Тель-Авив соты 68 жастағы экс-премьерді Иерусалим мэрі болып тұрған кезінде "тұрғын үй салуға қатысты пара алды" деп айыптаған.
Израильде бұрынғы үкімет басшысының сотталу оқиғасы алғаш рет болып отыр.
Эхуд Ольмерт қылмыс жасағанын жоққа шығарады. Экс-премьердің өкілі Тель-Авив сотының шешіміне қарсы жоғарғы сотқа шағымданатынын, ал үкім күшіне енгенше оны кепілге босатуды сұрайтынын айтты.
8
13 мамырда Краматорскіде Украинаның 7 сарбазы
қаза тапты
. Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бронды техникалар конвойы Краматорск маңындағы Димитровка селосында ресейшіл сепаратистердің шабуылына ұшыраған.
Автоматпен және гранатометпен қаруланған 30 шақты сепаратистің шабуылынан әуелде "украин қарулы күштерінің алты сарбазы қаза тапты, сегізі жараланды" деп хабарланған еді. Кейін Украина қауіпсіздік қызметі жеті адам мерт болғанын мәлімдеді.
Краматорскідегі шабуылға дейін Украина билігі антитеррорлық операциялар барысында тоғыз әскери қызметкер қаза болғанын хабарлаған еді.
9
13 мамыр күні Астана соты азаматтық белсенді Дуамбековтің еркіндігін бір жылға шектеу туралы
үкім шығарды
. Сот оны кәсіпкердің отбасына «жала жапты» деп танып, мақалаларындағы "Мұқашевтер отбасы Астана қаласының тұрғыны Әлібек Ысқақовқа озбырлық көрсетті, азаптап, қорлады" деген мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеді.
Белсенді Дуамбеков сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, шешімге қарсы шағым жолдамақ.
10
13 мамыр күні Түркия үкіметі көмір кенішінде жарылыс пен өрт болғанын
хабарлады
. Апаттан 200-ден астам кенші
қаза тапты
. Измир қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 120 километр қашықтықта орналасқан Сома кенішінде электр желілерінің ақауынан әуелі жарылыс болып, оның салдарынан лифтілер істемей қалған.
Апат орнына барған Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға жұрт наразылық білдіріп, сөзін естіртпей ысқырды. Оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.
Елдің ірі қалаларында апатқа байланысты наразылық
акциялары өтті
. Түркияның ең үлкен кәсіподақ ұйымы елде жаппай ереуілдер өткізетінін
мәлімдеді
.
11
Францияда 14 мамыр күні кезекті 67-Канн кинофестивалі
басталды
. 25 мамырға дейін жалғасатын фестивальде жаңа кинолар мен өңдеу жасалған классикалық фильмдер көрсетіледі. Биыл фестивальдің басты жүлдесі - "Алтын пальма бұтағы" сыйлығын иеленуден 18 картина үмітті. Фестивальде көрсетілетін, 1982 жылы әуе апатынан қаза тапқан Грейс Келлидің өмірі туралы "Монако ханшайымы" фильмі жұрт назарын аударып отыр. Актриса Николь Кидман басты рөлдердің бірінде ойнайтын фильмді Монаконың корольдік әулеті "Келлидің өмірбаянын дәл көрсетпеді" деп сынаған.
Бұл фестивальде қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың
"Қожайындар"
фильмі конкурстан тыс көрсетіледі.
12
Украина билігі 14 мамыр күні Киевте елдің шығысындағы жағдайды реттеу жөніндегі жалпыукраиналық дөңгелек үстел
өткізді
. Жиынға үкімет мүшелері, парламент депутаттары, аймақтардың өкілдері қатысты. Ресейшіл сепаратистер шақырылмады.
Жиын барысында Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов "Үкіметтің аймақтармен диалог жүргізуге дайын екенін, бірақ ресейшіл қарулы сепаратистердің "бопсасына" жол бермейтінін" мәлімдеді.
АҚШ украин билігінің диалог өткізуін құптап, Ресейді бұл бастаманы қолдауға шақырды. Ал Ресей Киевті "елдің шығысындағы көтерілісшілермен шынайы диалогқа бармай отыр" деп айыптады.
13
Алматының Алмалы аудандық соты 15 мамыр күні азаматтық белсенді Андрей Цукановтың қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) үстінен берген шағымын қанағаттандырудан
бас тартты
.
ІІД үстінен берген
шағымында
Андрей Цуканов биыл ақпанның 20-сы күні Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтің есептік жиынына бармақ болған кезде полицейлер өзін "заңсыз ұстап", полиция учаскесінде "моральдық зардап келтіргенін" жазып, өтемақы ретінде полиция департаментінен бір миллион теңге (бес жарым мың доллар шамасында) өндіртіп алуды сұраған.
14
Ауғанстанның сайлау комиссиясы 15 мамыр күні президент сайлауының екінші туры өтетінін ресми түрде мәлімдеді. Ол 14 маусымға белгіленді.
Ауғанстанда 5 сәуір күні өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша, Абдулла Абдулла 44.9 пайыз дауыс иеленіп, алға шыққан. Оның басты қарсыласы Ашраф Ғани 31.5 пайыз дауыс жинап,
екінші орында тұр
.
Енді Абдулла мен Ғани президент сайлауының екінші кезеңінде өзара бәсекеге түседі.
16
16 мамыр күні түстен кейін Астанада "Антигептил" қозғалысының бір топ белсендісі Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыранының ұшырылуына қарсылық білдіріп, "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігіне
хат тапсырды
.
Осы күні Астана уақытымен түнгі сағат 3:42-де Байқоңырдан Ресейдің "Протон-М" зымыраны тасығышы ұшырылған еді. Ұшқанынан 9 минут өткенде зымыран тасығыштың қозғалтқышынан ақау шығып, апатқа ұшыраған.
Белсенділер "былтырғы "Протон-М" зымыраны апатынан бері шара қолданылмағанын" айтып, "Қазғарыш" төрағасы Талғат Мұсабаевтың отставкаға кетуін талап етті.
Апта бейнелері: 12 - 17 мамыр
XS
SM
MD
LG