Accessibility links

АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Астанаға түрліше ыңғай таныта бастады


АҚШ президенті Барак Обама алғашқы жұмыс күні өз кеңсесінде. Вашингтон, 21қаңтар, 2009 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама алғашқы жұмыс күні өз кеңсесінде. Вашингтон, 21қаңтар, 2009 жыл.

АҚШ тың жаңа әкімшілігінің Қазақстанға қатысты алғашқы әрекеттері қарама- қайшы болып тұр. Бір жағынан, Рамазан Есіргеповтің тұтқындалуына байланысты сынаса, екінші жағынан Қазақстан үшін Джексон-Вэник дискриминациялық түзетуін жою ойлары бар екенін айтуда

Билікке келгеніне үшінші күн болғанда Барак Обама әкімшілігіне Құрама Штаттар жағынан Қазақстан және басқа да бірнеше постсоветтік кеңістік мемлекеттеріне қатысты алғашқы арыздар айтыла бастады. Арызға адам құқығын қорғауға қатысты жағдайлар себеп болып отыр.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) АҚШ тың тұрақты өкілі міндетін атқарушы Кайл Скотт 22 қаңтарда ЕҚЫҰ ға мүше мемлекеттердің адам құқығын қорғауларына қатысты бірден бес арыз бойынша сөз сөйледі, - деп хабарлайды американың America.gov.деп аталатын үкіметтік сайты. Шындығында америкалық шенеуніктер бұл мақаланы Ақ үйдің жаңа әкімшілігінің сыртқы саяси бағытының өзгеруімен байланыстырмайды, қысқы үзіліс кезінде кейінге қалдырылған мәселелердің көптігімен түсіндіреді.

Сонымен, Құрама Штаттар Ресей, Грузия, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстанда адам құқығының бұзылуына алаңдаушылық білдіреді. Атап айтқанда, Скотт Ресейден жақында заңгер Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурованың қаза болуына қатысты істі тергеп, тергеу қорытындысын ЕҚЫҰ ға жеткізуді талап етті.

Келесі бір мәлімдемесінде америкалық дипломаттар АҚШ Грузиядағы сепаратистік аймақтар деп есептейтін Абхазия мен Оңтүстік Осетияда зорлық-зомбылықты тоқтатып, заңдылықты қалпына келтіруге шақырды. Оған Оңтүстік Осетия жерінде орналасқан грузин билігіндегі Кнолеви деревнясында грузин полицейінің өлімі себеп болды.

АҚШ Беларусь билігін үкімет кәсіпкерлік қызметі үшін соттаған құқық қорғаушы Александр Баразенконы босатуға шақырды. Сонымен қатар Америка жағы Қырғызстанды дін бостандығы жөніндегі халықаралық міндеттемелерге қайшылық тудыратын дін туралы заңды қабылдағаны үшін кінәлаған.

Ал Американың Қазақстанға қатысты алаңдаушылығы мемлекеттік құпияны жария етті деп айыпталған «Алма-Ата Инфо» апталығының редакторы Рамазан Есіргеповты тұтқындауға байланысты болып отыр.

Кайл Скоттың пікірінше, Қазақстанда мемлекеттік құпия туралы заң ережелері қандай құжат түрлеріне қатысты болатыны жөнінде кең көлемде ішкі пікірталас ұйымдастыру қажеттілігі туған. «Мысалы, салық төлеуден жалтару немесе жариялануы үкіметке не билік басындағыларға жағымсыз тиетін құжаттарды қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттерде аталған категорияға кіргізбеген жөн»,- деп мәлімдейді Скотт.

Сонымен қатар ресейдің«Взгляд» онлайн-басылымы РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасай отырып, Құрама Штаттың Джексон-Вэник енгізген дискриминациялық түзетулердің Қазақстанға қатысты күшін жойып тастау ниеті бар екенін хабарлайды.

«Қазақстаннан әкелінген тауарлардың қалыпты сатылу жүйесін енгізу туралы Заң жобасы мен сыртқы сауданы шектеу турасындағы Джексон-Вэник түзетулерін Қазақстанға қатысты жою ұсынысы АҚШ сенатына енгізілді»,– деп хабарлайды басылым.

1975 жылы сенатор Генри Джексон мен конгресмен Чарльз Вэник бастамасымен қабылданған Американың « Сауда туралы» заңында эмиграция құқын шектейтін, нарықтық экономикаға негізделмеген мемлекеттерге саудада басымдық мәртебесін беруге тыйым салынды. Түзетуді енгізуге Совет Одағынан кеткісі келген адамдарға, әсіресе еврей ұлтына, шектеу қою себеп болды.

Америка Конгресіне түскен Заң жобасы осы түзетулерді Қазақстанға қатысты қолданбауды көздейді, ол өз кезегінде елде сауданың кемсітілмейтін тәртібін орнатады.

Бұрын АҚШ конгресі Джексон-Вэник заң түзетулерін « қырғи қабақ соғыс» салдары ретінде санап, Грузия, Украина, Армения және Қырғызстанға қатысты оның күшін жойған болатын. Алайда, ол әлі күнге дейін Ресейде, сонымен қатар Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда күшін жойған жоқ.

Соған қарағанда, Қазақстанға қарсы сауда санкциясын тоқтату туралы бастама Ақ үйдің бұрынғы қожайыны Джордж Буштың тұсында туған болса керек. Енді аз уақыттан соң АҚШ жаңа әкімшілігінің Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдеріне қатысты өз стратегияларын айқындайтын кез келмек. Сол кезде аймақтағы Америка саясаты қаншалықты жалғасын табатындығын бағалауға болады.
XS
SM
MD
LG