Accessibility links

Америка Барак Обамамен бірге "жаңа жауапкершілік кезеңіне" аяқ басты


АҚШ президенті Барак Обама ұлтқа алғашқы сөзін арнады. Вашингтон, 20 қаңтар, 2009 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама ұлтқа алғашқы сөзін арнады. Вашингтон, 20 қаңтар, 2009 жыл.

Қызметіне кіріскен АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама американдықтарды саяси және әлеуметтік қайшылықтарды ысырып қойып, экономикалық дағдарыс, соғыс қиындықтарын реттеуге, жауапкершіліктің жаңа кезеңін бірлікпен бастауға шақырды.

Хабарларға қарағанда, Барак Обаманың инаугурациясына 2,5 млн адам жиналған.

“Мен Барак Хуссейн Обама Құрама Штаттардың президенті ретінде міндетімді адал атқаруға, қолымнан келгенше Құрама Штаттар Конституциясын қорғауға салтанатты түрде ант беремін. Құдай өзің жар бола гөр”.

Осылайша, Барак Обама АҚШ президенттігіне ант қабылдап, Американы президент ретінде қарама-қайшылықты сегіз жыл басқарған Джордж Буш биліктен кетті.

Тіпті бұл күні ауа-райы бұлтты болады деп күтілгеніне қарамастан, инаугурацияға өте көп адам жиналып, күн сәулесі жарқырап тұрды.


"Біздің дағдарыстың бел ортасында тұрғанымыз баршаға аян. Біздің ел қақтығыс пен жаугершілікке қарсы соғыс жүргізіп келеді. Біздің кейбір тұстағы жауапсыздық пен сараңдықтан, сонымен қатар жаңа жағдайға елді дайындап, қатаң таңдаулар жасай алмауымыздан экономикамыз қатты әлсіреді. Адамдар үйлерін жоғалтты, жұмыстан қысқарды, бизнестері жабылды. Біздің денсаулығымыз қымбатқа түсіп отыр, мектептерімізге көп нәрсе жетпейді және әрбір күні біз пайдаланып отырған энергия жолдары қарсыластарымызды күшейтіп, әрі біздің планетамызға қауіп төндіріп тұрғанына дәлел болуда,-” деп атап өтті президент Барак Обама өзінің сөзінде.

Сонмен қатар Обама Ауғанстан мен Ирақтағы соғысқа қатысты елдің сыртқы саясатын айта келе, Ирақтағы әскерді шығару жайы мен Ауғанстанда бейбіт жағдай қалыптастыруға сөз берді. Және Обама террористер Американың рухын баса алмайды, біз оларды жеңетін боламыз деді.
Бұл Құрама Штаттарда 2001 жылғы 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейінгі бірінші рет биліктің ауысуы. АҚШ-тың жаңа президенті Обама:

"Мұсылман әлеміне қатысты біз өзара мүдде мен өзара сыйластық негізінде жаңа жолдарды қарастырамыз,-” деді.

Обама сондай-ақ Американдықтар мықты жұмыс жасаса ғана Американың алдындағы ішкі және сыртқы проблемалар шешіледі дегенді айтты.

"Бізге қарап отырған бүкіл мемлекеттер, яғни үлкен астаналардан бастап менің әкем туған кішкентай ауылдық жердің барлық халықтары үшін Америка дос. Америка бейбітшілікке ұмтылған әрбір халықпен, ермен, әйелмен тіпті баламен де достықта болады. Біз қайтадан жетекші ел болуға дайынбыз".

Барак Обама АҚШ тарихындағы тұңғыш қара нәсілді президент. Обама нәсілшілдік мәселесіне жеке тоқталған жоқ, дегенмен ол әр азаматтың теңдігі сақталатынына арнайы атап өтті инаугурация салтанатында ұлтқа арнаған сөзі барысында.
XS
SM
MD
LG