Accessibility links

Ермек Нарымбаевпен онлайн-конференция


Қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаев онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр. Алматы. 15 қараша 2013 жыл.
Қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаев онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр. Алматы. 15 қараша 2013 жыл.

Азаттық радиосы 15 қарашада қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевпен онлайн-конференция өткізді.

Оппозиция белсендісі, «Арман» қоғамдық ұйымының жетекшісі болған Ермек Нарымбаев 2010 жылы мамырда Алматыда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап еткен демократиялық күштердің жиынында «Назарбаев, кет!» деген ұран айтқан. Содан кейін 2010 жылы маусымда «полицейге күш қолданды» деген айыппен төрт жылға сотталған белсенді 2012 жылы ақпанда рақымшылыққа ілініп босап шыққан.

Ермек Нарымбаев соңғы кездері қазақстандық банктерден несие алушылар құқығын қорғаушы ретінде таныла бастады. Ол банктерді «пайыздарын көбейтіп, клиенттерін алдаған» деп айыптайды.

Биыл күзде Алматы қалалық соты Ермек Нарымбаевтың «Альянс банкке» қарсы берген шағымын қанағаттандырған. Сот Нарымбаев негізгі қарызынан қалған сома мен сыйақыдан басқа ештеңе төлемеуі тиіс деп қаулы етіп, 3 миллион теңгені «артық төленген» деп тауып, бұл соманы оның қарызынан шегеру туралы шешім шығарған.

2013 жылы қазан айында банктердің несие беру саясатын сынап баспасөз маслихатын өткізген Ермек Нарымбаевтың көлігі өртеніп кетті.

Ермек Нарымбаевпен онлайн-конференцияның видеосы:

XS
SM
MD
LG