Accessibility links

Лютер Кингтің арманы адамдарға шабыт береді


"Менің даусым маңызды" деген жазу көтерген адам Мартин Лютер Кинг ескерткішінің алдында тұр. Вашингтон, 24 тамыз 2013 жыл.
"Менің даусым маңызды" деген жазу көтерген адам Мартин Лютер Кинг ескерткішінің алдында тұр. Вашингтон, 24 тамыз 2013 жыл.

Бұрынғы Совет Одағы елдерінде демократияны дамыту, адам құқықтарын қорғау жолында күресіп жүрген белсенділер Мартин Лютер Кинг жолымен өз армандарын айтып, ой бөлісті.

Осыдан 50 жыл бұрын, тамыздың 28-і күні Вашингтонда 250 мың адам шеруге шықты. Олар жұмыссыздыққа, әлеуметтік теңсіздік пен нәсілдік кемсітушілікке нарызылық білдірді. АҚШ тарихында мұндай ірі шеру бұрын-соңды болмаған еді.

Америка астанасындағы Линкольн мемориалының маңына топтасқан қалың бұқара адам құқықтарын қорғаушы Мартин Лютер Кингтің «Менің арманым бар» деген баяндамасын тыңдады. Белгілі күрескер «адамды түріне емес, мінез-құлқына қарап бағалайтын қоғам» туралы айтты.

Мартин Лютер Кинг Линкольн мемориалында сөйлеп тұр. Вашингтон, 28 тамыз 2013 жыл.
Мартин Лютер Кинг Линкольн мемориалында сөйлеп тұр. Вашингтон, 28 тамыз 2013 жыл.
Мартин Лютер Кинг «Менің арманым бар: күндердің күнінде жалпыға бірдей теңдік ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін күнге жетеміз. Менің арманым бар: күндердің күнінде бұрынғы құлдардың ұлдары мен құл иеленушілердің ұлдары Джорджияның қызыл жондарында бас қосып, ағайын болып, алқа-қотан отырады» деген еді.

1863 жылы АҚШ президенті Авраам Линкольн құлдарға бостандық беру туралы декларациясын жариялады. 100 жылдан кейін Вашингтонда «бостандық маршы» өтті. Бұл шеру АҚШ-тың адам құқықтарын қорғау тарихында шешуші рөл атқарған оқиғаға айналды. Мартин Лютер Кингтің 15 минуттық сөзі «адамзат тарихындағы әділдікке үндеген ең әсерлі баяндама» деп аталды.
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00
Жүктеп алу

Осы оқиғаның 50 жылдығын атап өту мақсатында Азаттық радиосы өзі хабар тарататын аймақтағы белсенділерді сөзге тартып, олардың өз елінің болашағына қатысты армандарын сұраған еді.

ЕВГЕНИЙ ЖОВТИС - ҚАЗАҚСТАН

58 жастағы құқық қорғаушы Совет Одағы кезінен бері адам құқықтары мен демократиялық құндылықтар үшін күресіп келеді. Одақ құлаған соң заңгер
Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
мамандығын игерген. Қазір Қазақстандағы Адам құқықтары және заң үстемдігі халықаралық бюросын басқарады.

Ол «Совет Одағында дүниеге келгенімді ескерсек, менің басты арманым – советтік тарихтан арылу. Яғни еліміз де, халқымыз да, үкіметіміз де, мемлекет пен халықтың арасындағы қарым-қатынас жүйесі де демократиялық елдердегідей болып өзгерсе деймін. Адам құқықтары, заң үстемдігі, адамның негізгі бостандықтары, қадір-қасиетін қоғам құрметтеп, үкімет насихаттап отырса. Еліміз еркін сөйлеп, еркін тыныстап, еркін өмір сүретін елге айналса екен» дейді.

ДМИТРИЙ МАКАРОВ - РЕСЕЙ

31 жастағы Дмитрий Макаров - адам құқықтары жөніндегі жастар қозғалысының жетекшісі әрі белсенділерге құқықтық көмек көрсететін заңгерлер командасының мүшесі. Полиция мен халық арасындағы қарым-қатынасқа қатысты заңдарға өзгеріс енгізу ісіне үлес қосқан.

Ол «Менің арманым – жеке тұлғаның мүдделері, бостандық, әділдік пен қадір-қасиет құндылықтары ұлттық, мемлекеттік мүддеден жоғары тұратын елде өмір сүргім келеді. Мен айтып жүрген адам құқықтары ұғымы жай бақытты өмір туралы емес. Ол - адамдардың өздерін қадірлі әрі еркін сезінуіне мүмкіндік беретін өмір сүрудің қарапайым стандарттары. Біздің елде осы қарапайым стандарттар сақталса деп армандаймын» дейді.

ТӨЛЕКАН ИСМАИЛОВА - ҚЫРҒЫЗСТАН

Ол - ұзақ жылдардан бері адам құқықтарын қорғаумен айналысып келе жатқан белсенді тұлға, «Қырғызстан – біртұтас әлем» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі. Осы белсенділігі үшін соққыға жығылып, жапа шеккен.

Төлекан Исмаилова «Біз қарусыз және зорлық-зомбылықсыз өзара түсіністікке жеткізетін диалог орнатуымыз қажет. Биліктегілер өздерін халықтан ақылды санамауы керек. Біз еркіндік, азаматтық қоғам және әділдік принциптері үшін екі бірдей авторитарлық үкіметті биліктен кетірдік. Біздің болашағымыз жарқын екеніне кәміл сенемін, себебі Қырғызстанда Мартин Лютер Кинг тәрізді биік рухты жастар көп» дейді.

НҰРБЕРДІ НҰРМАМЕД - ТҮРКІМЕНСТАН

70 жастағы Нұрберді Нұрмамед Совет Одағының соңғы жылдарынан бері адам құқықтарын қорғаумен айналысып келеді. Ол құрған «Бірлік» қозғалысы
Түркіменстандағы азаматтық белсенді Нұрберді Нұрмамед. Ашхабад, 2012 жыл.
Түркіменстандағы азаматтық белсенді Нұрберді Нұрмамед. Ашхабад, 2012 жыл.
Түркімен совет республикасының басшылығына ықпал етіп, елдің тәуелсіздікке қол жеткізуіне септескен. Тыйым салынғанына қарамастан, «Бірлік» - елдегі жалғыз оппозициялық ұйым, ал Нұрмамед - Түркіменстан аумағында тұрып жатқан жалғыз оппозиционер.

Ол «Түркіменстанда жерге жекеменшік құқығы жоқ. Түркіменстан халқы ата-бабасы өздеріне мұраға қалдырып кеткен жерді иеленуге мүмкіндік ала алмай отыр. Мемлекет жаңа құрылыс саламыз деген желеумен халықты алыс аймақтарға көшіріп жатыр. Бұл - президент Ниязовтың диктаторлық режимі тұсында басталған процесс, президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың режимі де осыған негізделген» дейді.

ВЯЧЕСЛАВ АХУНОВ - ӨЗБЕКСТАН

65 жастағы Ахунов - тоталитаризмді астарлап сынайтын ерекше стилін қалыптастырған әйгілі суретші. Совет Одағының Ауғанстанға басып кіруін сынап мәлімдеме жасағаны үшін Ферғанадан Ташкентке жер аударылған. Суретпен қоса, әдебиетпен және фильм түсірумен әуестенеді.

Вячеслав Ахунов «Арманым - президент Каримов айтатындай болашағы зор ел емес, халқы жұмыс істеп, бай-қуатты өмір сүретін, адамдар еңбегіне тиісті ақы алатын Нидерланд немесе Дания сияқты елде өмір сүру. Халқы лайықты білім алып, сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп, тиісті табыс тауып, мемлекеттің әлеуметтік қорғауына ие болатын елде өмір сүргім келеді. Мемлекет өз халқынан жымқырып, өз халқын тонайтын елде емес, жақсы пәтерде тұруға, лайықты жалақы алуға мүмкіндігі бар, шетелге еркін қыдырып, балаларын Өзбекстанның өз ішіндегі және шетелдердегі жақсы оқу орындарына жіберуге мүмкіндігі бар азаматтар тұратын елде өмір сүргім келеді» дейді.

ХИКМЕТ ХАДЖИЗАДЕ - ӘЗЕРБАЙЖАН

59 жастағы Хикмет Хаджизаде - белгілі саяси сарапшы әрі демократиялық құндылықтарды қорғаушы тұлға. Әзербайжанның Ресейдегі бұрынғы елшісі, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Қазір Бакудегі Экономикалық және саяси зерттеу орталығының вице-президенті.

Ол «Арманым көп. Бірақ басты арманым – өтірік пен ұрлықтан ада елде өмір сүру. Жемқорлық, өтірік және тонаушылық – біздің мемлекеттің басты қасіреттері. Демократия мен бостандықтың шектелуі, зорлық пен әділетсіздіктің үстемдік етуі – жемқорлықтың кесірі. Үкіметтер ауыса береді, бірақ халықты қалады. Қоғамның позитивті трансформацияға ұшырауының мысалдары көп, әрі болашақта біз де осындай бақытқа қол жеткізіп, бәріміз бір-бірімізді тыңдауға көшеміз деп үміттенемін. Бір-бірімізге шындықты айтудан қаймықпайтын заман туады деп сенемін. Бір-бірімізді бағалайтын күн туады деп үміттенемін. Менің арманым – бәріміз бір-біріміздің сөзімізге құлақ асатын заманға жету» дейді.
XS
SM
MD
LG