Accessibility links

Далластағы қастандық: президент Джон Кеннедидің қазасы

АҚШ президенті Джон Фицджеральд Кеннеди 1963 22 қарашада Далласта қастандықпен өлтірілді.

Сол күні Техас штатының Форт-Уорт және Даллас қалаларында таңертең жаңбыр жауып тұрған еді. Бірақ, көпшілік президентті көру үшін көшеге шыққан кезде аспан ашылып, күн жарқырап тұрған. Жүздері қуаныш пен күлкіге толы адамдардың тосын оқиғадан кейін қайғы-мұң басқан бейнелерін сол күні түсірілген фотосуреттерден көруге болады.

2017 жылы 26 қазанда АҚШ-тың ұлттық мұрағат және құжаттар басқармасы президент Кеннедидің қазасына қатысты бұған дейін құпия саналып келген мыңдаған құжатты көпшілікке жария етті. Олардың үш мыңға жуығы көпшіліктің назарына алғаш рет ұсынылып отыр, ал 30 мыңнан астамы осы кезге дейін тек ішінара ғана жарияланған болатын.

XS
SM
MD
LG