Accessibility links

Керчьте не болды?

Украина мен Ресейдің теңіздегі текетіресі 25 қарашада ушыққан. Ресейдің шекаралық кемелері Одессадан Мариупольге бағыт алған украин кемелерін атқылап, теңізшілерін ұстаған. Украинаның теңіз-әскери күштерінің хабарлауынша, алты адам жараланған. Ресей украин кемелерін атқылағанын растап, үш украин теңізшісінің жараланғанын, олардың өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады.
Украинаның жоғары радасы бірнеше облыста 30 күнге әскери жағдай жариялады. Басында әскери жағдайдың 60 күнге созылатыны хабарланған, кейінірек президенттік сайлаудың жақындауына байланысты 30 күнге қысқартылған. Ресей украин кемелері территориядан "заңсыз кесіп өтті" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, кемелердің заңсыз ұсталғанын айтқан.​

Тағы

XS
SM
MD
LG