6364 адам тұратын Хантағы ауылында тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Жергілікті әкімдік өкілі тіркелген 14-28 жас аралығындағы 1016 адамның 30-дан астамы ғана ауылдан жұмыс тапқанын айтады. Ауылда екі мектеп, отбасылық емхана, ауыл клубы, кітапхана, аймақтық полиция пункті, дәріхана, 15 дүкен, 1 спорт алаңы бар. Елдімекенге ауызсу құбыры жүйесін тарту үшін жер қазып жатыр екен.
Жұмыссыздық жайлаған ауыл
![Хантағы ауылындағы көшелердің бірі.](https://gdb.rferl.org/56ad09c4-019e-4cf8-81f1-2c08075237a1_w1024_q10_s.jpg)
1
Хантағы ауылындағы көшелердің бірі.
![Хантағы ауылының аумағы 2600 гектарды құрайды. Қысы қатты таулы аймақта орналасқан ауылдың тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады.](https://gdb.rferl.org/6a8d191d-e40a-487a-aa00-5845bb10d449_w1024_q10_s.jpg)
2
Хантағы ауылының аумағы 2600 гектарды құрайды. Қысы қатты таулы аймақта орналасқан ауылдың тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады.
![Иелері қалаға қоныс аударған кей үйлердің есік-терезесі жабық тұр.](https://gdb.rferl.org/98e28db8-6009-4312-bfa8-8731d910f1e0_w1024_q10_s.jpg)
3
Иелері қалаға қоныс аударған кей үйлердің есік-терезесі жабық тұр.
![Иесіз қалған үйлердің қора-қопсысы да бұзылған.](https://gdb.rferl.org/30ca19bf-f6d5-4283-bed4-f2e669a9e53e_w1024_q10_s.jpg)
4
Иесіз қалған үйлердің қора-қопсысы да бұзылған.
![Хантағы ауылындағы асфальт төселген жалғыз көше.](https://gdb.rferl.org/8fb5c9b3-cb36-4eb7-ac1b-696b833dc8bb_w1024_q10_s.jpg)
5
Хантағы ауылындағы асфальт төселген жалғыз көше.
![Хантағы ауылынан 10 шақырым жердегі Кентау қаласына қоғам көлік қатынайды.](https://gdb.rferl.org/0b035f24-c960-4f75-93f0-d3114c91edc2_w1024_q10_s.jpg)
6
Хантағы ауылынан 10 шақырым жердегі Кентау қаласына қоғам көлік қатынайды.
![Аспаз мамандығы бойынша дипломы бар 20 жастағы Ырысалды Жолдасбекова мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүргенін айтады.](https://gdb.rferl.org/48b3bbe3-5cff-427c-a8fc-a1080fbfdce3_w1024_q10_s.jpg)
7
Аспаз мамандығы бойынша дипломы бар 20 жастағы Ырысалды Жолдасбекова мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүргенін айтады.
![Ауыл тұрғыны Ақмарал Райованың сөзінше, жұмыс табылмаған соң екі баласы Қарағанды қаласына кеткен.](https://gdb.rferl.org/ae0922fd-5df9-4410-b5a7-f3a19a533e20_w1024_q10_s.jpg)
8
Ауыл тұрғыны Ақмарал Райованың сөзінше, жұмыс табылмаған соң екі баласы Қарағанды қаласына кеткен.
![Жеке тұрғын үй қақпасындағы жазу.](https://gdb.rferl.org/c865800d-245a-4c57-a1be-83324a2d8b87_w1024_q10_s.jpg)
9
Жеке тұрғын үй қақпасындағы жазу.
![Хантағы ауылында тұрғындар ағын суды пайдаланады.](https://gdb.rferl.org/ce612b6a-615d-408b-bb25-c6d7ea59acbe_w1024_q10_s.jpg)
10
Хантағы ауылында тұрғындар ағын суды пайдаланады.
![Шелекпен су тасып жүрген тұрғын.](https://gdb.rferl.org/a3e248b2-abd5-4eef-9ca9-c21c351685aa_w1024_q10_s.jpg)
11
Шелекпен су тасып жүрген тұрғын.
![Хантағы ауылында тартылып жатқан су құбыры желісі.](https://gdb.rferl.org/04f4c1e8-471e-4bc3-9ce4-ae63cab2f78c_w1024_q10_s.jpg)
12
Хантағы ауылында тартылып жатқан су құбыры желісі.
![Ауыл тұрғындары күнделікті пайдаланатын ескі көпірді жөндеп жатқан адамдар.](https://gdb.rferl.org/712707c6-8ba3-4925-9bbe-fbfeb8d0479a_w1024_q10_s.jpg)
13
Ауыл тұрғындары күнделікті пайдаланатын ескі көпірді жөндеп жатқан адамдар.
![Хантағы ауылындағы жаңадан салынған мешіт.](https://gdb.rferl.org/af7fca77-08ae-4375-85b8-5fd1da1397d3_w1024_q10_s.jpg)
14
Хантағы ауылындағы жаңадан салынған мешіт.
![Ауыл көшесіндегі орындық.](https://gdb.rferl.org/c058c6b3-ec26-4f3c-b368-3dd1b5bdb00b_w1024_q10_s.jpg)
15
Ауыл көшесіндегі орындық.
![Хантағы ауылындағы жаңадан салынып жатқан спорт алаңы. 5 қазан 2017 жыл.](https://gdb.rferl.org/cb440c90-d7ad-4ced-ab82-16e4ab86f43d_w1024_q10_s.jpg)
16
Хантағы ауылындағы жаңадан салынып жатқан спорт алаңы. 5 қазан 2017 жыл.
![Көлік дөңгелегін жамау қызметін көрсететін орын.](https://gdb.rferl.org/1089a717-6959-448c-b238-b9c39074edea_w1024_q10_s.jpg)
17
Көлік дөңгелегін жамау қызметін көрсететін орын.