Accessibility links

Косово ЮНЕСКО-ға кірмек

ЮНЕСКО қатарына Косовоны қабылдамақ. Бұл елде ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұра деп жариялаған жекелеген нысандар бар.

БҰҰ-ның ғылым-білім және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы (ЮНЕСКО) Косовоның толық мүше болуға берген өтінішін қанағаттандырды. Дауыс берген ЮНЕСКО-ға мүше елдердің көбі Косовоны тәуелсіз ел деп мойындамайтын Сербияның қарсылығын елемеді. Бұл мәселе бойынша соңғы дауыс беру рәсімі 9 қараша күні өтеді. Косово аумағында ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұра деп жариялаған көптеген жеке нысандар бар болатын. Елдің негізінен сербтер қоныстанған солтүстік бөлігінде Косовоның ЮНЕСКО-ға мүше болып кіруіне қарсы шерулер өтіп жатыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG