Матансас провинциясындағы крокодилдер фермасы Кубаның мақтанышына айналып келеді. Қолтырауындар өсіретін орын Гаванадан оңтүстікке қарай шамамен 150 километр жерде. Кең автожолмен бір жарым сағатта жетуге болады.
Кубадағы крокодилдер
1
Қаһарлы қолтырауын.
2
Ал оның баласы әрине өзіндей қорқынышты емес. Бірақ оқшаулап қойғандарына қарағанда, ол да аса жуас жаратылыс емес сияқты.
3
Мықты қоршаудың ар жағынан бұларды көруге туристер келеді. Ферма жұмысшылары жіпке байлап ет бермек болып, қолтырауындардың ауыздарын ашқызады, ақсиған тістерін көрсетеді.
4
Мұны бейбіт қатар тіршілік ету деп сипаттауға болады. Бірақ құстар табиғи сақтығын жоғалтпайды.
5
6
7
Ферма маңында "Қолтырауынды жуасытып жатқан аңшы" мүсіні тұр.
8
Мұнда өңірді мекендеген байырғы тайпалардың үйлерін де жасап қойған.
9
Қолтырауын жүз жасайды. Кейде одан да ұзақ тіршілік етеді. Олардың ең ірілерінің ұзындығы бес-алты метрге дейін жетеді.
10
11
12