Қырым түбегінде "пролетариат көсемі" Владимир Ульяновқа (Ленинге) табыну қатты болған. Мәселен, Украинаның басқа аймақтарының орталықтарында Ленин ескерткіштері бір-бірден болса, Симферопольде екі "Ленин" тұрған. Енді Ресей билігінің көмегімен түбекте Ленин ескерткіштері көбейіп барады. Қазір Қырымда 200-дей "Ленин" бар. Азаттықтың Қырым редакциясы түбектегі Ленин ескерткіштерінің фотогалереясын ұсынады. Бүгін Октябрь революциясына ғасыр толды.
Қырымдағы қалың Ленин

1
Симферополь алаңындағы Ленин ескерткіші.

2
Симферополь вокзалында жолаушыларды тағы бір Ленин қарсы алады.

3
Севастопольдегі Ленин ескерткіші.

4
Симеиздегі Ленин бюсті. Бұл - Лениннің Қырым аннексиясынан кейін орнатылған алғашқы ескерткіші. Биыл қыркүйектің 5-і күні мұнда оқушылар жаппай "пионерге" өтті.

5
«Жапандағы Ленин». Раздольненск ауданы Ковыльное селосында Ильичке қойылған шағын ескерткіш.

6
Бақшасарайдағы Ленин мен Ресейдің үш жолақты туы - ақтар қозғалысының символы. Қазіргі Путиншіл Ресейде қабыспайтын дүниелер қабыса береді.

7
Феодосия қаласының іргесіндегі Орджоникидзе (Лениннің күзетшісі - ред.) атындағы село тұрғындарына жол көрсетіп тұрған Лениннің "қолы".

8
Ленин бедерінің астында «Өнер халыққа тиесілі» деп жазылған. Ол "өсиет" Симферополь оқу орындарының бірінде тұр.

9
Симферопольдің тозығы жеткен көшелерінің бірінде тұрған "коммунизм дәуірі" ескерткіші.
ПІКІРЛЕР