Accessibility links

Құрманбек Бакиев депортациялануына байланысты қызметінен кету арызын берген


Құрманбек Бакиев Оштағы митингте сөйлемекші болып тұр. 15 сәуір, 2010 жыл.
Құрманбек Бакиев Оштағы митингте сөйлемекші болып тұр. 15 сәуір, 2010 жыл.

Қырғызстанның уақытша үкіметі биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің отставкаға кету туралы арызын жазып бергенін хабарлады. Құрманбек Бакиевті шұғыл жағдайда ұшақпен Қазақстанға алып кеткен.

Құрманбек Бакиев Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласындағы митингіде өзіне сөйлеуге мүмкіндік берілмей, уақытша үкіметті қолдаушылар мен жақтастары арасында қақтығыс болғаннан кейін кешкісін елден кетіп тынды.

Қаланың орталығына жаңа билікті қолдайтын 4 мыңдай адам жиналса, сол маңайда Жалал-Абадтан Ошқа келген Бакиевтің жақтастары да жиын өткізді.
Биліктен қуылған президент Бакиев пен жаңа биліктің жақт аушыларының митингтегі тартысы. Ош, 15 сәуір, 2010 жыл.


Уақытша билікті қолдаушылар Бакиев тұрған мінберге шықпақ болғанда төбелес тұтанып, президенттің оққағарлары оны алып кету үшін әуеге оқ атуға мәжбүр болған.

Құрманбек Бакивті бүгін кешкісін Аба әуежайына қонған арнайы әскери ұшақпен алып кеткен. Артынша-ақ Бакиев Тараз қаласына жеткізілді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров біздің Азаттық радиосына берген сұхбатында Құрманбек Бакиевтің әрі қарайғы маршрутының қандай болатынын білмейтіндігін айтты.

Құрманбек Бакиевтің Қырғызстанды тастап шыққаны турасында алғашқы болып ЕҚЫҰ-ның төрағасы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлімдеген болатын.

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы атынан жасалған бұл мәлімдемеде «Қырғызстандағы қазіргі күрделі ахуалды тұрақтандырып, заңдық талаптарды қайтарып, жаңадан азаматтық соғысқа жол бермес үшін жасалған маңызды қадам» деп атап көрсетілген.

Барлық саяси күштер « барша қырғыз елінің жақсылығы үшін, аймақтағы тұрақ- тылықты, қоғамдық тәртіпті, заңдық жүйенің қалпына келтіріп, мүмкіндігінше тездетіп, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге шақырылады» деп жазылған ЕҚЫҰ-ның арнайы мәлімдемесінде.

Қырғызстанның Уақытша үкіметінің аппарат жетекшісі Эдил Байсалов Бакиевтің елден шығып кетуі АҚШ пен Ресей, Қазақстан мемлекеттері басшыларымен және халықаралық ұйымдармен көп күндік сөйлесулердің нәтижесі екенін айтып, мұндай шешім өлкедегі елдің тыныштығы үшін қабылданды деді.
Уақытша үкіметтің қолдаушылары Бакиев мінген машинаға тас лақтырып жатыр. Ош, 15 сәуір, 2010 жыл.


Нақтырақ айтқанда Қырғызстаннан Құрманбек Бакиевтің жалғыз өзінің шығып кетуіне мұрсат етілген, оның қасындағы қолдап жүрген бауырлары кеткен жоқ делінеді.

Қырғызстан Уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаева «Бакиев қырғыз халқын екіге бөліп, тұтастыққа сына қағуын жалғастыруда" деп айыптаған болатын.

Бүгін сондай-ақ Роза Отунбаева Құрманбек Бакиевтің елден кетуі туралы ресми мәлімдеме жасады. Онда былай деп атап көрсетілген:

"Уақытша үкімет бұрынғы президент Бакиевті елден шығару туралы шешім қабылдады. Халықтың тілегімен биліктен кетірілген бұрынғы президент Құрманбек Бакиев соңғы күндері туған ауылындағы туыстары мен басқа да жақындарының ортасында Жалал-Абадтағы жағдайды ушықтырып, шиеленістіруге тырысты. Шын мәнінде арасында әйелдер мен балалар бар тірі қалқанның аржағына жасырынып алып, бүкіл ауыл адамдарын кепілдік жағдайында ұстады, сөйтіп өзін ақтау науқанын ұйымдастырды. Солтүстік пен оңтүстік арасында азаматтық қарсыластық туғызуға тырысты."
Қырғызстанның қамауға алынған бұрынғы қорғаныс миистрі Бакыт Калыев.


Роза Отунбаева Уақытша үкіметтің өз халқына оқ атқан бұрынғы президентпен әуелден-ақ келіссөзге бару ниеті болған жоқ дейді.

Эдил Байсалов осы бейсенбі күні бұрынғы қорғаныс министрі Бақыт Калыевтің қамауға алынғанын айтты.

Қырғызстан уақытша билігінің бұрынғы қорғаныс министрі Бақыт Калыев пен президенттің бауыры Жаныш Бакиевті ұстап, тұтқындау операциясын бастағаны бұрынырақ белгілі болған еді.

Бакиев 7-8 сәуірдегі халықтың үкіметке қарсы толқулары нәтижесінде биліктен кетірілген болатын. Оппозиция Роза Отунбаеваның жетекшілігімен Уақытша үкімет құрды. Жаңа билік Бакиевті толқулар кезінде қан төгіліп, 80-нен астам адамның өліміне жол берілуіне кінәлі деп тауып, оған қарсы қылмыстық іс қозғаған болатын.
XS
SM
MD
LG