Accessibility links

«Эрвин қайда?»: Қырымда жоғалғандардың туыстары акциясы

Қыркүйектің 27-сі күні Ресейдің Киевтегі (Украина) елшілігі алдында FIND&FREE кампаниясы аясында «Эрвин қайда?» акциясы 15-рет өті. Белсенділер Қырымдағы ұрланған не жоғалған адамдардың туыстарының сезімдерін бейнелеген перформанс көрсетті. Олар «Бастағы зырылдауық» шарасы арқылы сондай күйге ұшыраған жандардың күйзелістерін көрсетпек болды.

FIND&FREE кампаниясы Қырымда жоғалған адамдарды тауып, ұсталған тұрғындар мен белсенділерді босатуды мақсат етеді. Ресей Қырымды Украинадан аннекциялап алғаннан бері жоғалған адамдардың көбі - қырым татарлары. Белсенділер дерегінше, жоғалған 44 адамның 17-сі табылған, 19-ынан әлі хабар жоқ, алтауының сүйегі табылған, екеуі қамақта отыр.

Қырымдағы ресейлік тергеу орындары адам жоғалған оқиғалар болмағанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG