«Фантастикалық хикая» гүлдер көрмесі - хризантема гүлдерінің 25 мың шоғы қойылған шоу-фестиваль. Екі мың шаршы метр алаңнан гүлдердің түрлі экспозициясын көруге болады. Азаттықтың Украина редакциясының фотогалереясы.
Киевтегі хризантема көрмесі
1
Украина астанасында гүл көрмесі дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бұл шараны Киевті көгалдандыратын коммуналдық мекемелер өткізеді.
2
Он шақты гүл композициясын жасау үшін хризантема гүлінің түрлі тұқымынан 25 мың гүл шоғы пайдаланылған.
3
«Арман әткеншегі» композициясы.
4
Көрмеге Киевтің әрбір ауданы өз композициясын әкелген. Оларға қараған адамды гүлдердің көркемдігі баурайды.
5
«Гүл палитрасы» композициясы.
6
Кейбір гүл композициялары селфи түсіруге ыңғайластырып жасалған.
7
Гүл фестивалі күнделікті таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 21-ге дейін ашық тұрады.
8
Көрме қазанның 23-іне дейін жалғасады.
9