Шыңғыс Айтматовтың әкесі Төреқұл Айтматов сталиндік репрессияға дейін Ошта үш жыл Араван аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Сол кезде 4-5 жастағы болашақ жазушы №1 балабақшаның тәрбиеленушісі болған. Балабақша ұжымы Азаттықтың Қырғыз қызметі тілшілеріне есімі әлемге танымал қырғыз жазушысының өмірінен сыр шертететін сирек фотосуреттерді көрсетті.
Шыңғыс Айтматов пен Ош қаласы
Әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Атматовтың балалық шағының бір кезеңі Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында өткенін біреу білсе, біреу білмейді.