Жаз кезінде Оңтүстік Памирде Мургаб ауданындағы Сары-Кол алқабына әр елден туристер көп келеді. Қыста, керісінше, иен қалатын бұл жерде қытымыр суық болатындықтан, аса қажеттілік болмаса, биік тауда орналасқан ауылға баратындар сирек.
Памирге саяхат
Оңтүстік Памирде Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысы Мургаб ауданындағы Баш-Күмбез атты қырғыз ауылы туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі әзірлеген фоторепортаж.

1
Баш-Күмбез ауылы таулы жерде – теңіз деңгейінен төрт мың метр биікте, Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысының орталығы Хорог қаласына барар жолда орналасқан. Одан шамамен 30-40 шақырым жерде памирлік қырғыздар ауылы қоныстанған. Төңкерілген тостаған тәрізді дөңгелек келген ғимаратта совет заманында елдің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскерилер орналасқан еді. Қазір мұнда мектеп оқушыларының спорт сабағы өтеді.

2
Палмира есімді бойжеткен үйлену тойына дайындалып жатыр. Бішкекте филология мамандығы бойынша білім алған ол қазір Мургаб ауданы орталығындағы мектепте сабақ береді. Мургабта қалыңдық ұрлау да жиі болады, бірақ Палмира болашақ жарын өзі таңдаған.

3
Мектеп-интернатта жергілікті тұрғындардың балаларымен бірге малшылардың балалары білім алады.

4
Балалар жол жөндейтін жұмысшылар тұратын үйдің алдында тұр. Оштан Хорогқа дейін баратын Памир жолын жөндеумен жергілікті тұрғындар айналысады. Тұрмыс жағдайлары жақсы деуге келмейді. Бірақ, жұмыссыздық деңгейі 80 пайызды құрайтын Мургабта осындай жұмыстың өзі – үлкен олжа.

5
Қырғызстан мен Мургаб арасында тығыз мәдени байланыс жоқ, сондықтан, артистерді немесе ақындарды мұндағылар құшақ жая қарсы алады. Төрт жыл бұрын қырғыз ауылына актер Талант Анарбаев келіп кеткен. Есімі соның құрметіне қойылған бала Талант қазір осы ауылда өсіп жатыр. Мұнда СССР заманында ана өлімінің көрсеткіші жоғары болатын. Бірақ, қазір де медициналық қызмет көрсету жағдайы жақсарып кетті деуге келмейді.

6
Биыл жергілікті тұрғындар үшін аю қонжығы ермек болды. Енесін аңшылар атып алған қонжықты Меңдібай шопан тауып алған. Меңдібай қонжықты тауға апарып тастағанымен, ол шопанның ізімен ауылға қайтып келіпті. Содан бері қолға үйреніп кеткен қонжықты жұрт еркелетіп Миша деп атайды.

7
Биік таулы жерде өткір күн сәулесінен қорғану үшін жергілікті тұрғындар бет-жүзін орамалмен жауып алады.

8
Ауылда балалармен бірге ересектер де асық ойынын ермек қылады.

9

10

11

12