Ресейдің Алтай өлкесінде салт-дәстүрі ерекше қырғыздар өмір сүреді. Ол өңірді Қырғызстандағы жұрттың көбі атамекендері деп біледі. Этникалық тегін білгісі келген қырғызстандық азаматтар Алтай Республикасына жиі барады. Жуықта қырғызстандық журналистер мен блогерлердің тобы да Моңғолиямен шекаралас Қошағаш өңіріне барып, ондағы қырғыздардың "Алтын той" деп аталатын үйлену салтын көріп қайтты.
Алтай қырғыздарының "Алтын тойы"

1
Қошағаш деген атау иен далада өсіп тұрған екі түп ағашқа байланысты қойылған. Үйлену тойы кезінде күйеу мен қалыңдықтың туыстары ол ағаштың бұтағын жерге қадайды.

2
Той алдында май сіңген шүберек тұтату рәсімі Қырғызстанда да бар.

3
Күйеу қалыңдыққа той киімін сатып әпереді.

4
Күйеу жағы жас жұбайлар бөлмесіне керетін шымылдықты әкеле жатыр.

5
Құдалар тарабы бір-бірін бұрыннан білсе де той кезінде қайта амандасып танысады.

6

7
Қалыңдықты киіндіріп жатыр.

8
Қалыңдықты туыстары ұзатып бара жатыр.

9
Қайынбикелері келіннің шашын қос бұрым етіп өріп жатыр.

10
Күйеу бала бата сұрап тұр.

11
Күйеу бала отқа ет салып, иіс шығару ырымын жасап тұр.

12
Келін отқа май құйып тұр. Жалын неғұрлым биік шықса, келіннің жолы соғұрлым құтты болады деп біледі.

13
Ұлттық ауанда өткен тойдан соң жас жұбайлар қазіргі заманша киінді.

14

15

16
Қабырғадаға кілемде "Махаббат пен ырыс" деп жазулы тұр.