Accessibility links

Қырғызстан мектебі оқушыларды қалай тамақтандырады?


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстандағы мектеп оқушыларының тамақтануына халықаралық ұйымға қоса мектеп мұғалімдері де ат салыса бастады.

Қазір Қырғызстанда 2018 мектеп жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша бастауыш сыныптың 442 мың оқушысы ыстық тамақ ішеді. Сол үшін жыл сайын бюджеттен 430 миллион сом ақша бөлінеді.

Алайда мемлекеттің мыңдаған оқушысы бекітілген нормадан төмен тамақтанады. Мамандар жеткілікті тамақтанбау және организмдегі қажетті заттардың тапшылығы баланың физикалық жағынан әлсіз болып өсуіне әсер ететінін айтып, дабыл қағып келеді.

Үкімет бастауыш сыныптың әр оқушысының тамағына күніне 7 сом бөледі. Баланың қарнын тойдырып ғана қоймай, толыққанды өсіп-жетілуіне қажетті дәрумендерді алуы үшін бұл сомаға жеткілікті азық-түлік келмейтіні айдан анық.

Қырғыз үкіметі көмек сұрап Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі БҰҰ бағдарламасы басшылығына хабарласқан екен. 2013 жылы Қырғызстанда осы бағдарлама бойынша арнайы жобаны жүзеге асыру басталды.

Жапонияның Қырғызстандағы елшілігі де қолдау көрсетіп, Шу және Ыстықкөл облыстарындағы 16 мектепке асхана жабдықтарын сатып алып берді. Ыстықкөл ауданының Темировка ауылының Құдайбердиева атындағы мектепке елшілік пен БҰҰ бағдарламасы қызметкерлері арнайы келді.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі БҰҰ бағдарламасы жетекшісінің орынбасары Кейко Изуши «ұлттық болашағы» - балалардың денсаулығына бала кезден қатты мән беру керектігін айтады.

- Отбасының қаржылық жағдайына тәуелсіз Қырғызстанның әр оқушысы мектептен тамақ ішуі керек. Басты мақсатымыз - осы. Қарны тоқ оқушы сабағын жақсы оқиды, ал жастардың білімі елдің дамуына қажетті басты күш. Оқушылар – мемлекеттің болашағы. Оларға қамқорлық жасауымыз керек, - дейді ол.

Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан Құдайбердиева атындағы мектеп ұжымы бастауыш сынып оқушыларының тамағын өздері қамтамасыз етуге кірісті. 21 жылдан бері мектептің шаруашылық меңгерушісі болып істейтін Кубат Дуулатов өз қолымен өсірген алмасын балалардың ас мәзіріне енгізді.

Ал биология мұғалімі Талантбек Алиев халықаралық донорлар мен жергілікті биліктің көмегімен жылыжай салып, ол жерде мектеп асханасына керекті қиярды өсіріп жатыр.

Қырғыз мектебінің оқушылар қалай тамақтанады? (қырғыз тіліндегі видео-хабар)

Қырғыз мектебіндегі тамақтану
please wait

No media source currently available

0:00 0:29:51 0:00

Азаттықтың Қырғыз қызметінің мақаласы орыс тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG