Accessibility links

Регбиге ұқсайтын лело ойыны

Лело - грузин халқының дәстүрлі ойыны. Сырттай қарағанда регбиге ұқсайтын бұл ойынның шыққанына үш ғасырдан асқан дейді тарихшылар. Грузияның батысындағы Шухути деп аталатын шағын ауылда жыл сайын лело жарысы өтеді.

Лелоны екіге топқа бөлініп ойнайды, қатысамын деушілерге шек қойылмайды. Ойын шарты бойынша, бәсекелесінен допты тартып алып, ауылдың екінші шетіндегі мәреге жеткізген жеңіске жетеді. Георгий Гогуаның фоторепортажы.
Түгел оқыңыз

Ойынға қатысушылар допты бәсекелесінен тартып алып, бірнеше метр болсын ілгері жылжу үшін білек күші мен айла-тәсіліне жүгінеді.
1

Лело жарысы жылда православ дінін ұстанушылардың Пасха мейрамы кезінде ұйымдастырылады. Ойын басталғанға дейін ауылдың барша тұрғыны жергілікті шіркеуге мерекелік мінәжатқа жиналады.
2

Келесі күні Шухутиге Тбилисиден осы жарысқа жылда теріден арнайы тігіп, әзірлеген допты әкеледі. Ауылға жеткізген соң доптың ішін құмға толтырады.
3

​Іші толған доптың салмағы 18 килограмм тартады. Жергілікті тұрғындар доптың ішін жаңқа мен құмға толтырып жатқан кезде поп ойыншыларға батасын береді.
4

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG