Дүйсенбі, 19 қыркүйек
Әзербайжан: Бакуде Әзербайжан-Австрия бизнес-форумы өтеді (20 қыркүйекке дейін).
Армения: 19-21 қыркүйекте диаспора министрлігі диаспора басшылары мен өкілдерінің бүкілармян форумын өткізеді.
Армения/ЕуроОдақ: Арменияның премьер Тигран Саркисян басқарған өкіметтік делегациясы Брюссельге барады.
Грузия: ПАСЕ-нің миграция, босқындар мен қоныстандыру комитетінің мүшесі Тина Акетофт Тбилисиге барады (23 қыркүйекке дейін).
Қазақстан/Франция: Парижде Қазақстан мен Франция президенттері кездеседі.
Қазақстан: VII халықаралық «Евразия» кинофестивалі Алматыда өтеді (24 қыркүйекке дейін)
Қырғызстан: үшкүндік Орталық Азия аймағындағы ұжымдық қауіпсіздік күштерінің шұғыл әрекет дайындығы басталады.
Қырғызстан: Бішкекте ЕврАзЭС мекемелері шартына қатысушы елдердің орталық (ұлттық) банк басшылары кеңесінің 25-отырысы өтеді (21 қыркүйекке дейін).
Ресей: Петербургте ашылатын «Ғылым мен қоғам» форумында Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездесу өтеді (23 қыркүйекке дейін).
ТМД/Тәжікстан: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның «Орталық-2011» бірлескен жаттығуы басталады (27 қыркүйекке дейін).
Украина: Украина президенті Виктор Янукович АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады (23 қыркүйекке дейін).
Украина: 19-23 қыркүйек күндері XІ халықаралық Ялта қаржылық форумы өтеді.
Сейсенбі, 20 қыркүйек
Беларусь/Швейцария: Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 18-сессиясында Беларуське байланысты пікірталас өтеді.
Молдова: Молдованың Конституциялық соты ел президентін қалай сайлау керектігін анықтайды.
Қазақстан: Астанада 20-21 қыркүйекте Түрксойға мүше елдер мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің XXIX мәжілісі өтеді.
Украина: 20-22 қыркүйекте Бахчисарайда (Қырым) «Ислам мәтіні және араб графикалық дәстүрі» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Сәрсенбі, 21 қыркүйек
Әлем: Халықаралық бейбітшілік күні.
Әлем: Альцгеймер дертімен күресудің халықаралық күні.
АҚШ: БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Бас Ассамблеяның 66-сессиясы барысында жалпы саяси пікірсайыс басталады (27 қыркүйекке дейін) .
Армения: Армения тәуелсіздігінің 20 жылдығы.
Қазақстан: Астанада министрлердің «Еуропаның қоршаған ортасы» 7-конференциясы өтеді (23 қыркүйекке дейін)
Қырғызстан: Бішкекте үкіметтің бюджет туралы отырысы өтеді.
Ресей: Архангельскіде II халықаралық «Арктика – пікірталас аймағы» форумы өтеді (24 қыркүйекке дейін).
Ресей: 21-22 қыркүйекте Екатеринбургте қауіпсіздік мәселесіне жауап беретін мекеме басшыларының ІІ халықаралық кездесуі өтеді.
Ресей: Нальчикте ЮНИСЕФ-тің «Солтүстік Кавказдағы балалар: қиындықтан мүмкіндікке» конференциясы өтеді.
Ресей: жастардың «Каспий-2011» білім форумы Дағыстанның Манас кентінде өтеді (27 қыркүйекке дейін).
Тәжікстан: Душанбеде ТМД елдері шекара мекемелері басшылары жиналады.
Бейсенбі, 22 қыркүйек
Әлем: Халықаралық автомобильден бас тарту күні.
Грузия/Ресей: Страсбургте Грузияның Ресейге қарсы жария талабы тыңдалады.
Молдова: Ресей астанасында Молдова мен мойындалмаған Днестр бойы Молдава Республикасы арасында 5+2 форматындағы кездесу өтеді.
Қазақстан: Халықаралық ЕврАзЭС форумы Алматыда өтеді.
Қазақстан: Алматыда VII халықаралық «Евразия» кинофестивалі аясында кино саласы қызметкерлеріне арналған «Қазақстандық киножобалар нарығы» халықаралық бизнес-кездесуі өтеді.
Қазақстан: Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік жанындағы мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесі жөніндегі Сарапшы кеңестің отырысы.
Украина/ТМД: Ялтада өтетін ТМД елдері үкіметаралық кеңесінің отырысы ауыл шаруашылығына арналады (23 қыркүйекке дейін).
Жұма, 23 қыркүйек
АҚШ: Ядролық қаруға жаппай тыйым салу туралы келісім жайында министрлер кездесуі Нью-Йоркте өтеді.
Қазақстан/Қытай: Бүкілқытайлық халық өкілдері кеңесі тұрақты комитетінің төрағасы У Банго Қазақстанға ұшып келеді (28 қыркүйекке дейін).
Қазақстан: Алматыда ТМД Экономикалық кеңесінің мәжілісі өтеді.
Қырғызстан: Қырғызстанда «Дилибиз бир - тилибиз бир» қайырымдылық телемарафоны өтеді.
Ресей: «Единая Россия» партиясының XII Съезіне Ресей президенті Дмитрий Медведев қатысады (24 қыркүйекке дейін).
ТМД: ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің V Вена қаржы-экономикалық форумы «ТМД қаржы нарықтары: Достастық елдерін дамытудағы жаңа инвестициялық және инновациялық стратегия мүмкіндіктері» тақырыбында өтеді (25 қыркүйекке дейін).
Сенбі, 24 қыркүйек
Ресей: «Справедливая Россия» партиясының съезі.
Украина/Армения: IV халықаралық «Украиндағы армяндар: кеше, бүгін, ертең» конференциясы 24-25 қыркүйекте Симферопольде өтеді.
Украина/Ресей: Украина президенті Виктор Янукович жұмыс сапарымен Мәскеуге барып, газ және Украинаның Кеден одағына интеграцисы мәселесін талқылайды.
Украина: 24-25 қыркүйекте Киев Русі мәдениет және тарих паркінде XV ғасырдағы Көне Киевке арналған халықаралық ортағасырлық фестиваль өтеді.
Жексенбі, 25 қыркүйек
Армения/АҚШ: Лос-Анджелесте өтетін армян банктері форумы армян текті америкалық кәсіпкерлерді Арменияның банк жүйесіне тарту мәселесі сөз болады.