Accessibility links

Апта оқиғалары


Семейдегі алғашқы атом қаруы сынағы. 29 тамыз 1949 жыл. (Көрнекі сурет)
Семейдегі алғашқы атом қаруы сынағы. 29 тамыз 1949 жыл. (Көрнекі сурет)

Азат Еуропа/Азаттық радиосы қамтитын елдер мен аймақтардағы осы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар тізімі.


Дүйсенбі, 10 қазан

Әлем: Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күні.

Әлем: Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні.

Әзербайжан: Баку халықаралық гуманитарлық форумы (11 қазанға дейін).

Әзербайжан: АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс Бакуге барады.

Армения / ТМД: Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының үйлестіру кеңесі Ереванда төтенше жағдайда ұжымдаса қимылдау жүйесін талқылайды (12 қазанға дейін).

Грузия: Грузия президенті Михаил Саакашвили Прагаға барып, "Форум 2000" халықаралық конференциясына қатысады.

Қырғызстан: Қырғызстан премьер-министрі Алмазбек Атамбаевтың Мәскеуге сапары (11 қазан).

Ресей: "Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы Мыңжылдық дамыту мақсаты-6" халықаралық форумы (12 қазан).

Ресей / Қытай: Шанхайдағы VI ресей-қытай экономикалық форумы.

Ресей / Иран: Иран сыртқы істер министрі баспасөз хатшысы мен ресми өкілі, Иранның ақпарат құралдарындағы бұқаралық дипломатия және дипломатия орталығының жетекшісі Рамин Мехманпарастың баспасөз мәслихаты.

Ресей/ АҚШ: АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Майкл Познердің Ресейге сапары (15 қазанға дейін).

Украина: Словения президенті Данила Тюрк Киевке барып, 12 қыркүйекте Харьковте өтетін украин-словен аймақтық бизнес-форумына қатысады.

Украина: ЕҚЫҰ жоғарғы комиссары Кнут Воллебек Киевке барады.


Сейсенбі, 11 қазан

Әзербайжан: Австрия президенті Хайнц Фишер Бакуге ресми сапармен барады (12 қазанға дейін).

Армения: Цахкадзор қалашығында "Мемлекеттік және жекеменшік жүйелерде сот актілерін мәжбүрлеп орындатудың өзекті міндеттері мен болашағы" деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді (12 қазанға дейін).

Беларусь: Минскіде "Энергетика. Экология. Энергия сақтау" XVI энергетикалық және экологиялық форумы, көрме және конгресс өтеді (14 қазанға дейін).

Қазақстан: "Ядролық қарусыз әлем үшін" халықаралық форумы Астанада өтеді (13 қазанға дейін).

Ресей / Қытай: Ресей премьер-министрі Владимир Путин Қытайға жұмыс сапарымен барып, Ресей мен Қытай басшыларының тұрақты 16-кездесуіне қатысады (12 қазанға дейін).

Ресей/ АҚШ: қару-жарақ контрабандасына қатысы бар деп айыпталған Ресей бизнесмені Виктор Бутқа қарсы сот процесі басталады.

Украина: Печерск аудандық сотында Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенконың сот үкімін оқу басталады..


Сәрсенбі, 12 қазан

Әлем: Табиғи апат қаупін азайтудың халықаралық күні.

Әзербайжан: Түркия қорғаныс министрі Исмет Йылмаз Әзербайжанға барады.

Армения: халық санағы (21 қазанға дейін).

Қазақстан: Вашингтоннан Астанаға келген делегация энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі 8-біріккен қазақ-америка комиссиясының жұмысына қатысады (14 қазанға дейін).

Ресей: Лаос президенті Тюммали Сайнясон Ресейге ресми сапармен барады (16 қазанға дейін).

Ресей: Мәскеудегі театр алаңында оппозицияның "Ашу күні" акциясы өтеді.

Ресей: Петербургте Ресей-Еуропа одағының авиациялық саммиті өтеді (13 қазанға дейін).

Украина: Amnesty International Киевте милицияның қамауы, бопсалауы, азаптауы және басқа да қатыгездіктері туралы баяндамасын жариялайды.


Бейсенбі, 13 қазан

Әлем: Дүниежүзілік көру күні.

Армения: Ереванда ТМД мемлекеттері ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді (15 қазанға дейін).

Ресей: Мәскеуде Қоғамдық палатаның қатысуымен "Мемлекет және азаматтар" конференциясы өтеді (14 қазанға дейін).


Жұма, 14 қазан

Әлем: Стив Джобстың күні.

Грузия: Георгий Данелияның "Мимино" фильмінің кейіпкерлеріне грузин астанасындағы Авлабари тарихи ауданында ескерткіш орнатылады.

Қырғызстан: Бішкекте "Джаз күзі-2011" фестивалі өтеді.

Украина: Еуропалық құқықтан демократияға комиссиясы (Венеция комиссиясы) Украинаның парламент сайлауы заңына байланысты жобаға орай қорытынды шығаруы керек.

Украина: Киевте Бүкілукраиндық "Свобода" ұйымының бастамасымен Украина көтерілісшілер армиясының (УПА) даңқ маршы өтеді.


Сенбі, 15 қазан

Әлем: "Ақ таяқ" халықаралық зағип жандар күні.

Украина: Бахчисарайда "Восточные ворота. АртПоле-Крым" халықаралық музыка фестивалі өтеді.


Жексенбі, 16 қазан

Әлем: Дүниежүзілік азық-түлік күні.
XS
SM
MD
LG