Мароккода "Құмды марафон" жарысы өтіп жатыр. Осымен 33-рет ұйымдастырылып жатқан марафонға әлемнен мыңға жуық адам қатысып жатыр. Олардың арасында қазақстандық Зауырбек Аяған да бар. Марафоншылар алты күнде 250 шақырымды жүгіріп өтуі керек.
Сахара шөліндегі марафон
1
"Құмды марафон" (Marathon des Sables) әлемдегі ең қиын жаяу жарыс саналады. 9 сәуірде басталған биылғы марафонға мыңнан астам адам қатысып жатыр. Жарыс 16 сәуірде аяқталады.
2
Марафонның жалпы қашықтығы - 250 шақырым. Марафоншылар бұл қашықтықты алты кезеңге бөліп жүгіреді. Қатысушыларға жол бойында сәл дамылдап, мызғып алуына рұқсат беріледі.
3
Жарыс ұйымдастырушылар марафоншыларға күніне 12 литр су береді.
4
Биылғы "Құмды марафонға" Қазақстаннан Зауырбек Аяған қатысып жатыр. Ол бірінші кезеңде 30 шақырымды 4 сағат 21 минутта жүгіріп өтіп, 380-орын алды. Зауырбек мәреге жеңімпаздан екі сағат кешігіп келді.
5
Әр қатысушының арқасындағы сөмкеде тамағы, компас, айна, дәрі-дәрмек, ысқырық және палатка бар. Сөмкенің салмағы 5 келіден кем 20 келіден артық болмауы керек.
6
Марафонда әйелдер мен ерлер бірге жүгіреді. Бірақ нәтижелері бөлек есептеледі.
7
Марафон жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріледі. Сыйақы көлемі жыл сайын өзгеріп отырады.
8
Марафонға қатысушылар Сахара шөлінде.
9
Жарыстан кейін дәрігерге қаралып жатқан марафоншылар.
10
Ондаған марафоншы жарысты орта жолдан аяқтайды.