Accessibility links

"Алтын адамның" атамекені

Маусымның 15-і күні Алматыдан 50 шақырым жердегі Есік қаласы маңында орналасқан "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында өткен "Музейдегі түн" шарасына Азаттық тілшісі де қатысты.

"Есік" қорық-мұражайында өткен "Музейдегі түн" шарасына еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қатысты. Әсіресе жастар көп болды. Сонымен бірге бұл күндері Алматыда өтіп жатқан бірнеше халықаралық музыка фестиваліне қатысқан шетелдіктер де болды.

Азаттық тілшісі "Есік" қорық-мұражайында сақталған тарихи-мәдени жәдігерлер мен оларды зерттеу тарихы туралы фоторепортаж дайындады. Сонымен бірге бұл фоторепортажда автордың бұған дейін (2016 және 2017 жылдары) "Алтын адамның" атамекеніне барған кезде түсірген суреттері де пайдаланылған.

Тағы

XS
SM
MD
LG