Accessibility links

Таулы Қарабақтағы қазіргі өмір

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстан бері 20 жылдай уақыт өтті. Ол соғыста Армения жасақтары Әзербайжанның армяндар көп тұратын Таулы Қарабақ аймағын басып алған еді. Қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, бұл аймақтан қашып шыққан босқындар әлі туған жерлеріне орала алмай отыр. Таулы Қарабақ 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағанымен, оған халықаралық қауымдастық мән бере қоймады. Ал тұрғындар әлі шешілмеген қақтығыс аймағында күнделікті тіршілігін кешіп жатыр. Суреттерді Азаттық тілшісі Марго Аура түсірген.

XS
SM
MD
LG