Accessibility links

Оралмандар ауылындағы Наурыз мейрамы

Шымкенттегі «Асар» шағын ауданында Наурыз мейрамына арнайы киіз үйлер тігіліп, дастарханға ұлттық тағамдар қойылды. Көп адам жиналған мерекелік шарада қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпынан көріністер көрсетілді. Сонымен бірге, балуандар белдесіп, балалар асық ойнап, жастар алтыбақан тепті.

«Асар» шағын ауданында Өзбекстаннан көшіп келген 280 қазақ отбасы тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі жылыжай өсірумен айналысады. Мұнда 1200 орындық екі мектеп, үш балабақша, аурухана жұмыс істейді. 25 наурыз 2015 жыл.

16x9 Image

Дилара ИСА

Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG