Accessibility links

Нижнекамскіде дрон шабуылынан қаза тапқандар арасында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар

Татарстандағы Нижнекамск қаласына жасалған дрон шабуылынан соң әуеге көтерілген түтін. Ресей, 10 тамыз, 2026 жыл. Exilonova+ арнасы жариялаған фото.
Татарстандағы Нижнекамск қаласына жасалған дрон шабуылынан соң әуеге көтерілген түтін. Ресей, 10 тамыз, 2026 жыл. Exilonova+ арнасы жариялаған фото.

Ресейдің Татарстан республикасындағы Нижнекамск қаласына жасалған дрон шабуылы салдарынан қаза тапқандар арасында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар. Мұны 10 тамызда Татарстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кейінгі мәлімет бойынша, шабуылдан 13 адам қаза тапқан, олардың арасында бала да бар. Және 75 адам дәрігер көмегіне жүгініп, 21 адам ауруханаға жатқызылған. Қаза тапқан Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарының нақты саны әзірге жарияланған жоқ.

Нижнекамск қаласына жаппай дрон шабуылы 10 тамыз күні таңертең жасалған. Қала басшысы Радмир Беляев әуелде 12 адам қаза тауып, 39 адам зардап шекті деп хабарлаған еді. Кейін Татарстан билігі өлгендер мен жараланғандар саны туралы жаңа дерек таратты. Шабуылдан кейін Татарстанда аза тұту жарияланды.

Украина шабуылынан Ресейде өзбектер қаза тапты. Татарстан қаралы күн жариялады
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:16 0:00

Мониторинг жүргізетін Telegram-арналар Нижнекамскінің өнеркәсіп аймағында өрт шыққанын хабарлады. Astra басылымы дрондар Ресейдің СИБУР холдингіне тиесілі "Нижнекамскнефтехим" кешенін нысанаға алған болуы мүмкін деп топшылайды. Сол аймақта "ТАИФ-НК" және "Танеко" мұнай өңдеу зауыттары да орналасқан.

Ресейдің тергеу комитеті "Террорлық акт" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Татарстанның өнеркәсіп және азаматтық нысандары шабуылға ұшырады деп мәлімдеді тергеу комитеті.

Ресей қорғаныс министрлігі дүйсенбіге қараған түні және таңғы шабуылдар барысында елдің бірнеше өңірінде: Брянск, Курск, Калуга, Тула, Белгород, Орел, Воронеж, Ростов, Пенза, Ульянов, Саратов, Орынбор, Самара облыстарында, Мәскеу өңірі мен Краснодар өлкесінде, Татарстан мен Ресей аннексиялаған Қырым аумағында 456 украин дроны атып түсірілді деп мәлімдеді.

Айдар
XS
SM
MD
LG