Большевиктер төңкерісінен кейінгі эмиграция - саяси қуғын-сүргіннен болған қасіретті құбылыс. Эмигранттар шетелге бастарын аман алып қалу үшін қашқан. Олардың саны екі миллионға жетіп, Ресей талантты ғалымдарынан, басқарушыларынан, өнер адамдарынан айырылды. Чехословакияны паналаған эмигранттар туралы Прагада "Босқындар тәжірибесі" атты көрме өтті.
1921 жылы Чехословакия Республикасы Ресейден қашқан босқындарға қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды. Осы шара аясында оларға тек материалдық жәрдем ғана беріліп қойған жоқ, эмигранттардың мәдени дамуына, білім алуына жағдай жасалды. Чехословакиядағы акция Ресейдің болашағына үлес қосу саналған, өйткені, большевиктер көп ұзамай кетеді, Ресейге сол кезде бұл мамандар қажет болады деген пікір болған.