Ресейлік "Спарта" жүк кемесі әскери кемелермен бірге Сирияның Тартус портына жетті. Бұл жөнінде спутник суреттерін сараптаған InsiderGeo және SONARROW_OSINT жобаларының зерттеушілері хабарлады.
Сарапшылардың айтуынша, Тартуста "Спарта" кемесі жүгін 11 мамырда түсірген. "Спартаның" жанында «Адмирал Касатонов» фрегаты болған.
OSINT сарапшыларының айтуынша, Тартусқа кемелер келмей тұрып, аталған порттан "Стойкий" әскери кемесі жолға шыққан. Сарапшылар ол қауіпсіз дәлізді қамтамасыз ету мақсатында шыққан болуы керек деп топшылайды.
Бұл 2024 жылдың соңында Башар Асад билігі құлағаннан бергі Ресейдің Сирияға қайта қару-жарақ жеткізе бастағандығына алғашқы көрнекі дәлел.
2025 жылдың ақпан айында Сирия үкіметінің жаңа қорғаныс министрі Мурхав Әбу Қасра Кремльмен келісім «Сирияның мүдделеріне сай келсе» Дамаск Ресейге Жерорта теңізі жағалауындағы әуе және әскери-теңіз базаларын сақтап қалуына рұқсат беруге дайын екенін мәлімдеген.
Асад биліктен кеткеннен кейін Ахмед әш-Шараа Сирияның іс жүзіндегі көшбасшысы болды. 2025 жылдың қазан айында ол Мәскеуге барып, Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.
Тараптар Ресейдің Сириядағы әскери базаларының жұмысын жандандыру мәселесін талқылаған. БАҚ-тың хабарлауынша, әш-Шараа Ресейді отбасымен паналап отырған Асадты экстрадициялауды көздеген.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, оның сапарынан кейін көп ұзамай ресейлік ұшақтар Хмеймим әуе базасына ұша бастаған.
Дегенмен қаңтар айында Reuters және араб ақпарат құралдары Ресей әскері 2019 жылдан бері болған Сирияның солтүстік-шығысындағы Камышлы әуежайынан кетіп жатқанын хабарлаған еді.
Reuters агенттігі сонымен қатар Ресей Иранның орнына Сирияға мұнай тасымалдайтын негізгі ел елге айналғанын жазған.
Басылым сарапшылары мұндай сауданы Мәскеудің Сирия билігіне ықпал ету тетігі ретінде қарастырады. Кремль ондағы әскери-теңіз және әуе базаларын Таяу Шығыс пен Арфикадағы ықпалын кеңейту үшін қолданады.