Accessibility links

ОСК: сағат 10-ға дейін сайлаушылардың 18 пайызға жуығы дауыс берді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 23 тамызда сағат 10-ға дейін Құрылтай сайлауына дауыс берген сайлаушы саны туралы дерегі.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 23 тамызда сағат 10-ға дейін Құрылтай сайлауына дауыс берген сайлаушы саны туралы дерегі.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жексенбі күні сағат 10-ға дейін сайлаушылар тізімінде тіркелген Қазақстан азаматтарының 17,96% Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс берген деп хабарлады. Дауыс беру көрсеткіші жағынан ең төменгі орында Алматы қаласы тұр - 10 пайызға жетпейді.

ОСК мәліметі бойынша, сағат 10-ға дейін бүкіл ел бойынша 2 264 411 сайлаушы сайлау бюллетенін алған. Ресми дерек бойынша, сайлаушы ретінде 12,6 миллион адам тіркелген.

Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланғалы бергі осымен оныншы рет парламент сайлап жатыр. Алғашқы парламент 1994 жылы сайланған. Бір палаталы заң шығарушы мемлекеттік орган Жоғарғы Кеңес деп аталды және Конституция бойынша кең өкілеттіктерге ие болды. Бірақ бір жылдан кейін, Конституциялық Сот "парламент сайланған кезде сайлау заңы бұзылған" деген шешім шығарғаннан кейін, ол парламент таратылды.

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция бойынша, елде Мәжіліс пен Сенаттан тұратын екі палаталы парламент құрылды. Ол 1996 жылы жұмысын бастады. Содан кейінгі 30 жылда Конституцияға парламентті құру қағидаттарына байланысты бірнеше рет өзгертулер енгізілді. Екі палаталы парламентінің соңғы, сегізінші шақырылымы 2026 жылғы 1 шілдеге дейін, яғни президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және оның қатысуымен жасалған жаңа Конституция күшіне енгенге дейін жұмыс істеп келді.

Айдар
XS
SM
MD
LG