Accessibility links

Өзбекстан соты Украинада соғысқан өзбек азаматының жазасын жұмсартты

Өзбекстанда сот Украинада Ресей әскері жағында соғысқан Наманган облысының 32 жастағы тұрғынына үкім оқыды. Ол "Жалдамалылық" және "Шет мемлекеттің органдарына қызмет ету" баптары бойынша кінәлі танылып, 4 жылға бостандығы шектелді.

Ер адам 2021 жылы нәпақа табу үшін Ресейге барып, ол жақта "есірткімен байланысты" қылмыс үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотта түрме жазасынан құтылу үшін Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қойғанын айтты.

Ростов және Луганскіде әскери дайындықтан өткен ол Донецк облысына жіберілген. Соғыс кезінде ол бірнеше рет жарақаттанып, ауруханада емделген, кейін қайта соғысқа оралған. 2025 жылы жазда соғыстан қашып, Ростовтағы елшілік арқылы Өзбекстанға оралған.

Оның кінәсі телефонындағы фото және видеоматериалдармен дәлелденген деп айтылады. Сот оның айыпты толық мойындағанын және бес баланы асырап отырғанын ескеріп, жазаны жұмсартқан.

Өзбекстан билігінің ескертуіне (10 жылға дейін түрме жазасы) қарамастан Ресей әскеріне қосылып жатқан өзбек азаматтарының саны көбейіп жатыр. Украина жағының мәліметінше, 2025 жылы қазанда Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқан кемінде 2 мыңнан астам өзбек азаматы бар. Өзбекстан Украинадағы соғыста Ресей әскері жағында соғысып жатқан шетелдіктер арасында бірінші орында тұр. Бақылаушылар келісімшарт жасасқандардың саны одан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Айдар
XS
SM
MD
LG