Accessibility links

Памир асқан қырғыздар

19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында орыс оккупациясынан қашқан қырғыздар Қытайдың батысы мен Ауғанстанның шығысында жатқан Памир тауларына босты. 1978 жылы Ауғанстанда коммунистік режим орнайды деп қауіптенген олар Пәкістанға өтіп, одан соң Түркияның шығысына қоныстанды. Қазір екі жарым мыңдай қырғыз Түркиядағы Ұлы Памир атты ауылда тұрады. 8 қарашада Түркиядағы қырғыз қауымы 35 жыл бұрын өздерін Памирден алып өткен жетекшілері Рахманқұл Ханның туғанына 100 жыл толғанын атап өтті. Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Жаңыл Жүсіпжан Түркиядағы қырғыз ауылына барып қайтты.

XS
SM
MD
LG