Азаттық тілшісі Алматы көшелерінде суық күндері ұсақ-түйек сатып не қайыр сұрап тұрған қарияларды суретке түсіріп алды. Олардың көбі - зейнетақылары жартымсыз зейнеткерлер.
Көшедегі зейнеткерлер
![85 жастағы Валентина 64 жастағы мүгедек сіңілісімен бірге Кеңсайда тұрады. Ол Көкбазарға автобуспен келіп, өзі тоқыған шұлықтарын 1000–1500 теңгеге сатады.](https://gdb.rferl.org/039ddebf-8b01-4620-a64d-416edc19379f_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
1
85 жастағы Валентина 64 жастағы мүгедек сіңілісімен бірге Кеңсайда тұрады. Ол Көкбазарға автобуспен келіп, өзі тоқыған шұлықтарын 1000–1500 теңгеге сатады.
!["38 мың зейнетақым ештеңеге жетпейді. Күн көру үшін бірнеше сағат саудаға шығамын. Кейде бір-екі шұлық сатамын, кейде ештеңе өтпейді" дейді ол.](https://gdb.rferl.org/6e6ece79-4341-4137-a04c-0f6bee17f9da_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
"38 мың зейнетақым ештеңеге жетпейді. Күн көру үшін бірнеше сағат саудаға шығамын. Кейде бір-екі шұлық сатамын, кейде ештеңе өтпейді" дейді ол.
!["Бұрын заман қазіргіден де қиын еді. Бұл өміріме разымын, тұрмысым жақсы" дейді Валентина.](https://gdb.rferl.org/0a6b79bd-78d6-4dd5-a299-889f9930877f_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
"Бұрын заман қазіргіден де қиын еді. Бұл өміріме разымын, тұрмысым жақсы" дейді Валентина.
![Зейнеткерлердің көбінің жеміс-жидек алуға жағдайы жоқ. Олар ең негізгі керек-жарақты ғана сатып алады.](https://gdb.rferl.org/a143d042-cfb1-4150-ae73-d136b0da44b2_w1024_q10_s.jpg)
4
Зейнеткерлердің көбінің жеміс-жидек алуға жағдайы жоқ. Олар ең негізгі керек-жарақты ғана сатып алады.
![Қарттардың кейбірі бұрыннан қалған көне бұйымдарын сатады. "Жұрт бұларды жандары ашығаннан алады" дейді зейнеткерлер.](https://gdb.rferl.org/a9725379-04ff-4225-9062-1d99287225d0_cx0_cy3_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Қарттардың кейбірі бұрыннан қалған көне бұйымдарын сатады. "Жұрт бұларды жандары ашығаннан алады" дейді зейнеткерлер.
![Сататын ештеңесі қалмаған қарттар қайыр сұрауға мәжбүр.](https://gdb.rferl.org/c8090050-81af-4af0-8646-158d76f2afe5_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
6
Сататын ештеңесі қалмаған қарттар қайыр сұрауға мәжбүр.
![Қайыр сұрап тұрған әжей.](https://gdb.rferl.org/640a1490-b732-44b8-a814-87e51e939835_cx0_cy6_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
7
Қайыр сұрап тұрған әжей.
![84 жастағы Александр Михайловичтің зейнетақысы - 46 мың теңге. Ол жоқшылық кесірінен өмір-бақи жинаған төсбелгілерін 150 теңгеден сатып тұр. "Кейде апталап тұрып ештеңе сата алмайсың. Бүгін 700 теңге таптым. Енді біраздан соң үйге қайтамын" дейді ол кісі.](https://gdb.rferl.org/2c4c4b25-f94e-4c68-853a-cf040f1757b9_w1024_q10_s.jpg)
8
84 жастағы Александр Михайловичтің зейнетақысы - 46 мың теңге. Ол жоқшылық кесірінен өмір-бақи жинаған төсбелгілерін 150 теңгеден сатып тұр. "Кейде апталап тұрып ештеңе сата алмайсың. Бүгін 700 теңге таптым. Енді біраздан соң үйге қайтамын" дейді ол кісі.
![Сөйлесуден бас тартқан бұл кісі 500 теңгеге бал ашады. ](https://gdb.rferl.org/9bceb622-21f7-4dc2-a525-741e713c79c3_w1024_q10_s.jpg)
9
Сөйлесуден бас тартқан бұл кісі 500 теңгеге бал ашады.
![Светлана мүгедектіктің кесірінен жұмыс таба алмай жүр. Базардың алдында моншақтан жасаған гүл сататын ол кісі әр затына 500 теңге сұрайды. "Көп қоспаймын. Өнімнің өзінің бағасы - 480 теңге. Табысым - 20 теңге. Кәсібім өзіме де, жұртқа да ұнайды. Сатып алады" дейді айына 60-70 мың теңге табатынын айтқан Светлана.](https://gdb.rferl.org/83b62819-d744-410a-932b-61f812364de7_cx0_cy6_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
10
Светлана мүгедектіктің кесірінен жұмыс таба алмай жүр. Базардың алдында моншақтан жасаған гүл сататын ол кісі әр затына 500 теңге сұрайды. "Көп қоспаймын. Өнімнің өзінің бағасы - 480 теңге. Табысым - 20 теңге. Кәсібім өзіме де, жұртқа да ұнайды. Сатып алады" дейді айына 60-70 мың теңге табатынын айтқан Светлана.