Accessibility links

Үскіт өзені жағасындағы ауыл

Қырымдағы Приветное (1945 жылға дейін - Үскіт) ауылы Алушта-Судак автокөлік жолынан үш шақырымдай қашықта орналасқан. Мұнда інжір ағашының жеті түрі, жүзімнің бірнеше түрі өседі. Ауылды кесіп өтетін Үскіт өзенінің суы жаз ыстық болған жылдары тартылып, тек нөсер жауыннан кейін арнасымен қайта су жүре бастайды.

Кей зерттеушілердің болжамы бойынша, Үскіт алабында алғашқы қоныстар бірнеше мың жыл бұрын пайда болған. Бұл жерде көрші қоныстардағы тұрғындардың диалектісінен айырмашылығы бар тілде сөйлейтін адамдар тұрған. Үшінші ғасырда жергілікті халық христиан дінін қабылдап, орта ғасырларда Константинополь патриархатының Гот епархиясына қараған. Үскіт туралы алғашқы деректер 8-ғасырдағы венециалық картада De la Scuto елді мекені ретінде, 1381 жылы Генуя мен Ілияс бейдің арасында жасалған келісімде кездеседі.

Азаттықтың Крым.Реалии сайтының фотогалереясы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG